Арал аудандық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатында сот төрағасы Е.Тұрбаев 2017 жылдың 6 айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, аталған кезеңде аудандық сотта барлығы 1327 іс қаралғанын, оның ішінде 56 қылмыстық іс, 545 азаматтық іс және 726 әкімшілік істер екенін, қылмыстық істер бойынша жалпы қаралған істердің басым көпшілігін Қылмыстық Кодексінің 188 бабында көзделген ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру қылмыстары, ҚК-нің 296 бабында көзделген есірткі, психотроптық  заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу қылмыстары құрайтынын, ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың басым көпшілігін некені бұзу, заңдық маңызы бар фактіні анықтау, алимент өндіру туралы, сондай-ақ келісім-шарт қатынастарынан туындайтын даулар құрайтынын айтып өтті. Бұдан соң сот төрағасы медиация тәртібімен қаралған істерге және «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы түскен арыздарға тоқталды.

Сот төрағасы сондай-ақ, медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен іске қосылған даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаның мақсаты мен міндеттері туралы, оны іске асыру тәртібі туралы және осы пилоттық жоба аясында қаралған азаматтық істер бойынша мәлімет берді.

Журналистер қауымы төрағаға сауалдар қойып, нақты жауаптарын алды.

Шара соңында сот төрағасы Е.Тұрбаев БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатына қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі