Алқабилермен қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған, 2 сотталушының өтініші бойынша 4 сотталушыға қатысты алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық іс бойынша  БАҚ өкіліне брифинг өткізді.      

Брифингте бір сотталушы қылмысты ұйымдастырып, екінші сотталушы оны өлтіріп, үшінші сотталушы оларға жәрдемдескен, төртінші сотталушы жәбірленушінің қасындағы адамды атыс қаруымен аяғына оқ атып, жарақаттаған қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Сабыров Асхат Аббасұлы журналистер  қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот үкімімен 1 сотталушы бұзақылық ниетпен атыс қаруын қолдану арқылы адам өлтіргені үшін 16 жылға, қылмысты ұйымдастырған және жәрдемдескен сотталушылар әрқайсысы 15 жылдан бас бостандықтарынан айырылып, жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде, ал, төртінші сотталушы атыс қаруын пайдаланып, бұзақылық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандықтарынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге деп  белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі