Архив событий

29/06/2017

Сот қызметкері марапатталды

29/06/2017

28 маусым 2017 жылы Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының журналистер күніне орай мерекелік салтанатты жиын өткізілді.

Мерекелік іс-шарада облыс аумағының журналистері Дипломмен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Жаңақорған аудандық сотының ұжымы журналистерді мерекемен құттықтады

29/06/2017

28 маусым 2017 жылы Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Нұрлыбек Қосанов және кеңсе меңгерушісі Бибайым Налибаева аудандық «Жаңақоған тынысы» газетінің ұжымын журналистер күні мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (29.06.2017 ж.)

29/06/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидат:

 

 1. Қызылорда қалалық сотының кеңсе  меңгерушісі (С- R-1 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

     1. Дуйсенова  Нурила  Кауменовна;

Сот төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

29/06/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Қоғам» Қызылорда қоғамдық телеарнасының, «Сыр дидары», «Кызылорда Таймс» газеттерінің өкілдерімен кездесіп, журналистерді кәсіби мерекелері ‒ Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Салтанатты кездесуге сот судьялары, сот мамандары және  журналистер қатысты.

Бір тәулікке қамауға алынды

29/06/2017

Байқоңыр қалалық сотында  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған құқық бұзушы Е-ге қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша құқық бұзушы Е. мемлекет пайдасына 79 490 теңге процестік шығынын өндіру туралы Маңғыстау аудандық сотының 09.07.2014 жылғы сот үкімін орындамаған.

Сот қаулысымен  Е.  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің   669-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  1  тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

«Дөңгелек үстел» өткізілді

29/06/2017

Қазалы аудандық сотында дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу және ҚР Жоғарғы Соттың пилоттық жобасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.                                        

Талқылауға аудандық соттың судьялары мен қызметкерлері, аудандық прокуратураның прокуроры, кәсіби емес медиаторлар, Қазалы ауданы әкімі аппараты және БАҚ өкілдері қатысты.                                                                          

Сырдария аудандық соты журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

29/06/2017

Сырдария аудандық сотында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай БАҚ өкілдеріне құрмет көрсету мақсатында мерекелік іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға сот төрағасы А.Абдулла, кеңсе қызметкерлері және «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы С.Ерімбет, тілшілер Б.Жанәлі мен  Е.Беркінбаев  қатысты.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (C-R-1 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

29/06/2017

2017 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткерлердің  құжаттарын  қарау және әңгімелесуге  жіберу  жөніндегі  отырысы  өтті.

Конкурстық  комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі: