Архив событий

14/06/2017

Ұсақ бұзақылық санатымен қаралған әкімшілік істер бойынша брифинг өткізілді

14/06/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы О.Абдукаликов БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық орындарда тәртіптің сақталмауынан жинақталып, сотта ұсақ бұзақылық санатымен қаралған әкімшілік істер бойынша брифинг өткізді.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

14/06/2017

2017 жылы маусым айының 20 жұлдызында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.

 

Қызылорда қалалық сотының судьялары жергілікті телеарналарға сұхбат берді

14/06/2017

 Қызылорда қалалық сотының судьялары К.Ә.Сәдуақасова мен Ж.Қ.Дербісалиева Қазақстан РТРК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы телеарнасының және Қызылорда қоғамдық телеарнасының журналистеріне сұхбат берді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

14/06/2017

Қармақшы аудандық сотымен ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 1 тармағымен  қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, сотталушылар Ғ., Б. және Т. ұрлық жасап, жәбірленушіге барлығы 144900 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушылар өз кінәларын мойындап, қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жәбірленушімен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты істі тоқтатуды сұрады.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде жүргізген

14/06/2017

Қазалы аудандық  сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 4-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.         

Іс құжаттарына қарағанда, азамат  К.  автокөлігін «жеңіл» дәрежелі масаң күйде жүргізіп, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Қызылорда қалалық сотында «Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау тәртібіне» жасалған шолуды талқылау өтті

14/06/2017

Қызылорда қалалық сотында жұмыс жоспарына сәйкес жасалған «2017 жылдың 6 айында «Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау тәртібіне» жасалған шолуды талқылау өтті.

 Шолуды жасаған бас маман Н.К.Дуйсенова осы мерзімдегі түскен арыз шағымдардың статистикалық мәліметтері жайлы айтты.

Сондай-ақ, азаматтардың сотқа арыз шағым келтіретін негізгі тақырыптарына тоқталды. Бұл жерде азаматтық істердің  қаралуына қатысты емес арыз шағымдар негізге алынғандығын айта кету керек.

Қылмыстық іс бойынша жеке қаулы шығарылды

14/06/2017

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен азамат Ә-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Сырдария ауданы «Қызылорда – Құмкөл» тас жолында полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында азамат Ә-ы тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен жеке қарау кезінде, оның курткасының қалтасынан салмағы 18,26 грамм болатын есірткілік зат кептірілген марихуана табылған, яғни ол есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.

Көлік салығы бойынша берешек өндірілді

14/06/2017

Арал аудандық сотымен Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ-нің борышкер К-дан көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, мемлекеттік кірістер басқармасымен борышкерге салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама берілгенімен,  салық берешегі өтелмеген.

Байқоңыр қалалық сотында «Қазіргі таңдағы деструктивті ағымдар, оның ішінде салафиттік ағым» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

14/06/2017

Байқоңыр қалалық ішкі саясат басқармасы мен прокуратура өкілдерімен бірігіп ұйымдастырған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі  2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазіргі таңдағы деструктивті ағымдар, оның ішінде салафиттік ағым» тақырыбында  семинар сабағы өткізді. Тағылымды жиынға сот төрағасы м.а Е.Шевцова, ішкі саясат басқармасының қызметкері К.Нұрсұлтан, Қ.Нұрдәулет сот кеңсесінің мамандары  қатысты. Шара барысында теріс діни ағымдардан төнетін қауіп қатер жайында баяндама оқыды.

Аңшы мылтығын заңсыз сақтаған

14/06/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.

Азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

14/06/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен жайын анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес талапкер У. сотқа жауапкер Н-ға қатысты кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы талап арыз берген.

Алдын ала сот отырысында талапкер мен жауапкер сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш берді.

Жаңақорған аудандық сотында партисипативтік рәсім тәртібімен азаматтық іс қаралды

14/06/2017

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы О-ның жауапкер Ж-дан ортақ балалары 3 жасқа толғанша алимент өндіру туралы азаматтық ісі партисипативтік рәсім (екі тараптың адвокаттарының жәрдемдесуімен тараптарды татуластырып, дауды реттеу) тәртібімен қаралды.

Істі қарау барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.

Сот ұрлық жасаған азаматшаға қатысты үкім шығарды

14/06/2017

Қызылорда қаласының №2 соты ұрлық жасаған сотталушы Г-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы Г. кафеде жұмыс атқарып жүріп, кассада тұратын жәбірленуші К-ның ұйықтап жатқанын көріп, кассалық апаратты пышақпен ашып, ішінен 69 000 тенге ақшаны ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жәбірленуші өкілі К. сот отырысы барысында сотталушыға кешірім бермейтінін, заң жүзінде шара көруді сұраған.