Архив событий

12/06/2017

«Медиация» - бұл дауларды бейбіт шешудің заңды жолы

12/06/2017

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1- бөлігімен сотталушы С-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес сотталушы С. үйіне келген әкесі М.-ның автокөлігінде жатқан жәбірленуші Е.-ге тиесілі 230 000 теңгені, 21 000 теңге тұратын 1 дана алтын жүзікті және 1 500 теңге тұратын әмиянды жасырып ұрлап, жәбірленуші Е.-ге барлығы 252 500 теңге мүліктік шығын келтірген.

Қызылорда облыстық сотында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті

12/06/2017

Қызылорда облыстық сотында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Қызылорда қалалық сотында «дөңгелек үстел» өтті

12/06/2017

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекованың, судьялардың және халыққа коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер өкілдерінің, «Қазақстан-Қызылорда»,  Қызылорда қоғамдық телеарнасы тілшілерінің қатысуымен  «Коммуналдық қызметтер үшін қарыздар сомасын өндіру туралы сотқа жүгіну барысындағы орын алған кемшіліктер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

12/06/2017

2017 жылдың 22 маусымында, сағат 16:00-ден 18:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (12.06.2017 ж.)

12/06/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

 

1.Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі  (С-R-1 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

1. Кайбалдиева  Айнур  Амангелдиевна;

 

Медиация тәртібімен кезекті іс тоқтатылды

12/06/2017

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы  Ж-ның жауапкер  К-ны  отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үйден еріксіз шығаруды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Ж. өзінің талап арызында жауапкердің отбасы мүшелерімен тұрғын үйінен шықпай, өзінің меншік құқығын жүзеге асыруына кедергі жасап отырғандығын көрсеткен.

Сот отырысында тараптар   кәсіпқой емес медиатормен жасалған медиативтік  келісімді сотқа ұсынды.