Архив событий

09/06/2017

Қызылорда облыстық сотында судьялар арасында семинар сабағы өтті

09/06/2017

Бүгін Қызылорда облыстық сотында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Шараға облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет, қылмыстық істерді қарайтын Қызылорда облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Семинар жұмысының күн тәртібімен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет таныстырып, сөз кезегін баяндамашыларға берді.

Қазалы аудандық сотында баспасөз конференциясы өткізілді

09/06/2017

Қазалы аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы М.Оспанов 2017 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясына  жергілікті  «Қазалы» және «Тұран Қазалы» газеттерінің өкілдері және аудандық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

2017 жылдың 5 айында аудандық сот өндірісіне 151 адамғақатысты 141 қылмыстық іс, 669 әкімшілік іс, 868  арыз, 5  азаматтық іс түскен.

Семинар сабағы өткізілді

09/06/2017

Сырдария аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы Қағидасын» оқып-үйренуге байланысты семинар сабағы өтті.

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

09/06/2017

Жалағаш аудандық сотында құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы Б. өзінің басқаруындағы «Lada 211440» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр көшесінің бойында басқарып, жол көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде жәбірленуші А-ға мүліктік залал келтірген.

Сот құқық бұзушы Б-ны ҚР ӘҚБК-нің 608 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танып, автокөлік жүргізу құқығынан 5 жыл мерзімге айыру туралы қаулы қабылдады.

Жекеше айыптау ісі медиатордың қатысуымен тоқтатылды

09/06/2017

Арал аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен қозғалған азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Б. 2017 жылдың 8 сәуірі күні сағат 20:30 шамасында үйіне мас күйінде келіп, жұбайы К-мен сөзге келіп қалып, оны былапыт сөздермен балағаттап, бетінен жұдырығымен ұрып, нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл дәрежелі зиян келтірген.

Қылмыстық іс бойынша медиация тәртібімен келісім бекітілді

09/06/2017

Қазалы  аудандық сотымен Д-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК–нің 188 -бабы 1- бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Д., бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында бөтен үйдің ауласында тұрған «Урал» маркалы велосипедін жасырын жымқырып, жәбірленушіге мүліктік залал келтіріп, ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде қаралған қылмысты жасаған.

Істі қарау кезінде тараптар кәсіби емес медиаторға жүгініп, медиация туралы келісім жасалды. Сот мәжілісінде, аталған келісім бекітілді.

Кәмелетке толмаған балаға қатысты әкелігі анықталды

09/06/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен азаматтық іс қаралды.

Талапкер Ж. сотқа  талап арыз беріп,  онда жауапкер  И-мен азаматтық некеде тұрғанын, ортақ кәмелетке толмаған А. есімді ұл бала бар екенін, жауапкер баланың  әкесі  болып  табылатынын,  алайда әкелігін мойындамай отырғанын, жауапкер баланы  асырап  бағуға  материалдық  көмек  бермейтінін көрсетті, сондықтан кәмелетке толмаған баласына қатысты әкелікті анықтауды  және  алимент  өндіруді  сұраған.

Жол көлік оқиғасын жасап, материалдық зиян келтіргені үшін айыппұл салу жазасы тағайындалды

09/06/2017

Жаңақорған  аудандық сотында азамат  Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.              

Сотта, азамат Д. көлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, өзінің басқаруындағы автокөлігімен Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі» Қағидасының 10-бөлімінің 1-тармағының талаптарын сақтамай, азамат Т-ның басқаруындағы автокөлігіне соқтығысып, нәтижесінде материалдық залал келтіргені анықталды.