Архив событий

30/06/2017

Мал ұрлаған қылмыскерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылды

30/06/2017

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен  сотталушы Н., А. және И-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар бөтен мүлікті бірнеше рет адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша, аса ірі мөлшерде, пайдакүнемдік ұрлау мақсатында далалық жерде жайылып жүрген, іс бойынша жәбірленушілердің иелігіндегі 56 ірі қара малдарын жасырын ұрлап, сатып бас пайдаларына жаратып, 14 жәбірленушіге аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Сот ақтау үкімін шығарды

30/06/2017

Арал аудандық сотында ҚР ҚК-нің 131 бабының 1 бөлігімен азаматша А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша И. сотқа жеке айыптау шағымын беріп, қорлау, яғни абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткені үшін, азаматша А-ны ҚР ҚК-нің 131 бабының 1 бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Қылмыстық істі қарау барысында сотпен сотталушы А. тарапынан азаматша И-ды қорлау дерегі өз дәлелін таппады.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан үзінді (30.06.2017 ж.)

30/06/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде  Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидат:

1). Қызылорда  қалалық №2 соты  кеңсесінің  жетекші маманы (С-R-5 санаты) (1 бірлік) лауазымына:

1.  Жұбатқанова  Дана  Бақытжанқызы;

 1.Шиелі  аудандық сотының кеңсе  меңгерушісі (С-R-1 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

     1. Жақсылықов  Әл-Фараби  Рашитұлы;

Қызылорда облыстық соты сот қызметкерін құрметті зейнет демалысына шығарып салды

30/06/2017

Қызылорда облыстық сотының ұжымы Соттар әкімшісінің қызметкері Айткүл Маханбетованы құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Құттықтау сөзінде облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев Айткүл Маханбетованың сот саласында 20 жылдан астам адал, жауапты жұмыс жасағанын атап өтті.

Ал, Соттар әкімшісінің басшысы Азамат Жұмамұратов Айткүл Алпысбайқызына зор денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, көп жылғы еңбегі үшін Құрмет грамотасын тапсырды.

Қызылорда қалалық сотында семинар өтті

30/06/2017

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы М.Ж.Еркінбековтің, судьялардың, Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ш.Қожантаевтың, ҚСжАЕЖ Қызылорда облысы бойынша басқармасының прокуроры М.Асановтың қатысуында «Сотқа құрметтемеушілік білдіруге қатысты құқықбұзушылық әрекеттерін қарау барысындағы көкейкесті мәселелерді анықтау» тақырыбында  семинар  өтті.

Семинарда сот төрағасы М.Ж.Еркінбеков сотқа құрметтемеушілік көрсетуге қатысты жауапкершілік қарастырылған қолданыстағы заң талаптарына тоқталды.

Сырдария аудандық сотында «Атқару құжаттарын жолдау» тақырыбында семинар өткізілді

30/06/2017

Сырдария аудандық сотында «Атқару құжаттарын жолдау»  тақырыбында  семинар  өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Б.Бисенбай және  сот  қызметкерлері  қатысты.

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы арыздарды жолдау мен қабылдау тақырыбында оқу семинар өткізілді

30/06/2017

Шиелі аудандық сотында мамандар арасында «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы арыздарды жолдау мен қабылдау тақырыбында семинар сабақ өтті.

Семинарды кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Н.Елшібеков ашып, бүгінгі таңда сот саласында енгізілген технологиялардың қолданылып жатқандығын, олардың жұмыс барысындағы жеңілдіктерін айтып, сөз кезегін баяндамашы бас маман А.Өмірәлиеваға берді.

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

30/06/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен әкімшілік құқық бұзушыға айыппұл салынды.

Іс-құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б. дүкеннің сатушысы болып жұмыс жасап жүріп кәмелетке толмаған Р-ға 5 қорап темекі бұйымын сатқан.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 133 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  31766 теңге айыппұл салынды.

Алаяқтық жасаған азаматша сот залынан қамауға алынды

30/06/2017

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы Ж-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы Ж. жәбірленуші Д-дан комуналдық бағдарламамен пәтер алып бере алатын таныстарының барын айтып сендіріп, 1 500000 теңге алдап алған.

Осыдан кейін, қылмыстық әрекетін жалғастырып жәбірленуші Д-ның қарындасы З-ға да пәтер алып бере алатын танысын барын айтып сендіріп, 1 500000 теңгесін деп алдап алып, жымқырып, бас пайдасына жаратып алаяқтық жасаған.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

30/06/2017

Байқоңыр қалалық  сотында  ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша  азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғанындай, азамат К. алкогольдік масаң күйде, өзінің тұрғылықты үйінде себепсіз жанжал шығарып, өзінің анасына былапыт сөздер айтып, осы әрекетімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.

«Сот үкімімен өмір бойына белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қосымша жазаның орындалу мәселесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

30/06/2017

Қызылорда  қаласының №2  сотында «Сот үкімімен  өмір  бойына   белгілі  бір  лауазымды  атқару  немесе белгілі бір қызметпен  айналысу  құқығынан  айыру  қосымша  жазаның   орындалу   мәселесі» тақырыбында  «дөңгелек  үстел»  өтті.