Архив событий

15/06/2017

Халықаралық шарттарға қатысты брифинг өтті

15/06/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судьясы С.Утегенова БАҚ өкілдерінің қатысуымен көші-қон заңнамасы саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар туралы брифинг өткізді.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

15/06/2017

Қазалы аудандық сотындажергілікті «Серік ТВ» телеарнасы өкілінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингті аудандық сот судьясы М.Оспанов жүргізді.                                                                                                                

Шара барысында судья М.Оспанов ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен айыпталған  Н. мен Н-ға қатысты қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.                                                                                                                     

Қызылорда қалалық сотында азаматтық іс партисипативтік медиация тәртібімен қаралды

15/06/2017

Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы С-ның жауапкер «Б.» ЖК-мен материалдық шығынды өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында сот тарапынан талап қоюшы С. мен жауапкер «Б.» ЖК дауды  партисипативтік тәртібімен шешу жөніндегі құқықтары түсіндіріліп, осыған орай, талап қоюшы мен жауапкердің сенім хат негізінде әрекет етуші адвокаты партисипативтік тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін, сондықтан осы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Қызметкерлерге жалақысын уақытылы төлемеген

15/06/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында заңды тұлға «М» ЖШС-не қатысты  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462 бабының 3 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Ірі мөлшерде алаяқтық жасаған азаматша сотталды

15/06/2017

Қызылорда қаласының №2 соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен, 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыс жасаған  сотталушы А-ға қатысты іс қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы А. азаматша И-дан жалға алған пәтерді өз атынан сатуға интернет желісіне шығарып қойған, содан кейін сатуға қойған пәтерін жәбірленуші Е. алатын болып келісіп 1 500 000 теңге беріп, аталған пәтерді сатып алған. Нәтижесінде жәбірленуші Е-ге 1 500 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Жол көлік оқиғасын жасап, материалдық зиян келтірген

15/06/2017

Арал аудандық сотында азамат У-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 3 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы У. көлік құралын басқаруға құқынан айырыла тұра, «Мазда» маркалы автокөлігін басқарып келе жатырып, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай, «Renault duster» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жәбірленушіге А-ға мүліктік залал келтірген. 

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

15/06/2017

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова судьялармен сот 2017 жылдың 6 айында сот отырысы кейінге қалдырыла отырып қаралған істер бойынша туындаған сұрақтарға қатысты жедел кеңес өткізді.

Жедел кеңесте сот төрағасының міндетін атқарушы судьяларды «Төрелік» ақпараттық жүйесімен автоматты түрде қалыптастырылып отыратын сот отырыстарын кейінге қалдыруға қатысты талдаумен таныстырды.

Қызылорда облысы соттарынан тағылымдамадан өтуге оң шешімін алған кандидатты хабарлайды

15/06/2017

Қызылорда облысының судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуін іріктеу жөніндегі комиссияның оң шешімін алған тағылымдамадан өтетін тағылымдамашы-кандидат белгіленді.

Аты-жөні

Жұмыс орны, қызметі

 1.