Архив событий

28/06/2017

Қызылорда облыстық соты журналистерді Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады

28/06/2017

Бүгін Қызылорда облыстық сотында байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев БАҚ өкілдерін төл мерекесімен құттықтап, олардың сот жүйесі жұмысын жариялаудағы орасан зор еңбегін атап өтіп, кәсіби репортаждары үшін алғысын білдірді. 

«Мен сіздердің риясыз еңбектеріңізге үлкен ризашылығымды білдіремін. Сіздерге шабыт, үздіксіз шығармашылық ізденістер, жаңа идеяларыңыз бен жобаларыңыздың табысты іске асуын тілеймін», - деді Қамбар Нұрышев.

Қызылорда қаласының №2 соты журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2017

Қызылорда қаласының № 2 сотында 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай а мерекелік іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға сот төрағасы мен судьялары және Қызылорда қоғамдық телеарнасының бас редакторы Баян Құлтанова, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев, сондай-ақ, Қызылорда облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айжан Ысқақова қатысты.

Мерекемен құттықтады

28/06/2017

Қызылорда қалалық сотының судьялары облыстық және қалалық қоғамдық телеарна қызметкерлерін кәсіби мереке – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Мерекеге лайықтап Қазақстан РТРК Қызылорда облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары Қасымова Айсұлу Жұмабайқызы мен Қызылорда қоғамдық телеарнасы басшысының орынбасары Құлтанова Баян Рахатқына сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурс бойынша (C-R-5 санаты) әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

28/06/2017

2017 жылдың 28  маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға құжаттарды  қарау және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

 Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі:

Сотта брифинг өткізілді

28/06/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы Роза Хизатова БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Брифингте Хизатова Роза сотқа құжаттарды сот кабинеті сервисі арқылы жолдау мүмкіндігінің тиімділігін айтып, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисіне тіркелу тәртібі, электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі, келіп түскен құжаттарды қабылдау  және тіркеу тәртібі жөнінде БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Иелену мерзімінің ескіруі негізінде тұрғын үйге меншік құқығы танылды

28/06/2017

Қазалы аудандық сотында арызданушы Ж-ның тұрғын үйге иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тануды сұраған азаматтық ісі қаралды.             

Азаматтық іс құжаттарына сәйкес азамат Ж. өз арызында тұрғын үйді 2006 жылдан бастап М. есімді азаматтан іс жүзінде мәміле жасау арқылы, сатып алып иеленіп отырғанын, үйге меншік құқығы заңда белгіленген тәртіпте ресімделмегендігін, иелену мерзімі бойынша тұрғын үйге меншік құқығын тануды сұраған.                    

Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

28/06/2017

Қалыптасқан үрдіске сай, Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Шараның өткізілетіні туралы алдын-ала аудандық «Толқын» газетінде хабарлама жарияланған.

Қабылдауға келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы Е.Тұрбаев  қабылдады.

«Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (C-R-1 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

28/06/2017

2017 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткерлердің  құжаттарын  қарау және әңгімелесуге  жіберу  жөніндегі  отырысы  өтті.

Конкурстық  комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі: