Архив событий

05/06/2017

Қызылорда облыстық сотында атқару құжаттарын электронды жолдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

05/06/2017

Қызылорда облыстық сотында атқару құжаттарын электронды жолдау кезінде туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.

Жиынға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі Е.Бөрібаев, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері, Қызылорда облысы бойынша Әділет Департаментінің және жеке сот орындаушылардың өкілдері қатысты.

Сотта оқып үйрену семинары өтті

05/06/2017

Қызылорда қалалық  сотының кеңсе қызметкерлері арасында «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі жаңашылдықтарды түсіндіруге арналған семинар өтті.   

Балық аулау мерзімінің тоқтатылғанына қарамастан, тыйым салынған құралдармен балық аулап әкімшілік жауапкершілікке тартылды

05/06/2017

Сырдария аудандық сотында азамат Н-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 -бабының 3-бөлігімен ( әуесқойлық (спорттық)  балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқада су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері  жоқ  өрескел  бұзу  жөніндегі) әкімшілік  ісі  қаралды.

Қызылорда қалалық сотында салтанатты отырыс өтті

05/06/2017

Қызылорда қалалық сотында мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты отырыс өтті.

Салтанатты отырыста Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Кульманова ұжым мүшелерін Рәміздер күнімен құттықтай отырып, еліміздің Тәуелсіздік алған жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі сот жүйесінің жетістіктеріне қысқаша тоқталды. Сондай-ақ, 1992 жылдың 4 маусымы еліміздің тарихында рәміздерінің туған күні ретінде аталып өтетіндігін, мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің негізгі белгілері екендігін айтты.

Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған

05/06/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат И-ге қатысты  ҚР ӘҚБтК-ң 200 бабының 3 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы И. дүкенде азамат К-ға 1 шөлмек сыраны сатып, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзып, сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейінгі аралықта тұтынушыға алкоголь өнімін өткізгені үшін  полиция қызметкерлерімен ұсталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жолданған.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

05/06/2017

Қызылорда  облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 16 маусымында, сағат 16:00 ден 18:00 аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұлға жазаланды

05/06/2017

Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған азаматша К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, құқық бұзушы К-нің кәмелетке толмаған баласы Ж. бір айға жуық уақыт аралығында оқуына дәлелді себептерсіз бармаған.

Құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ,  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Алимент қарызын төлемегені үшін 2 тәулікке қамалды

05/06/2017

Қазалы аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат М., өндіріп алушы Г-ның пайдасына кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу үшін 1/2 бөлікте алимент өндіру туралы Қызылорда қалалық сотының 24.10.2012 жылғы сот бұйрығын орындамай,  берешек алимент қарызы 1 461 439 теңгені құраған.

Сот отырысында азамат М. құқық бұзушылық әрекетін толық мойындап, алимент қарыздарын тұрақты жұмысы болмағандықтан төлемегенін, сот актісін орындау мүмкін болмай жүргенін жеткізді.

Қалалық сотта семинар өтті

05/06/2017

Қызылорда қалалық соты «Казақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында семинар өткізді. 

Аталған шараға сот төрағасының міндетін атқарушы, судья А.Ж.Молдабекова, судьялар, кеңсе меңгерушісі А.Кульманова және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Шара барысында кеңсе меңгерушісі гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы екенін атап өтті. 

Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

05/06/2017

Талапкер «Қ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «Н» жеке кәсіпкерінен 253 800 теңге қарызды өндіруді сұраған.

Іс құжаттарына сәйкес,  2015 жылдың 15-сәуірінде тараптар арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған. Келісім шартқа сәйкес тауарды тапсырыс берушінің өтінімі жеткізуге міндеттенген.

Алайда, жауапкер шарт бойынша өз міндеттемесін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

Сенбілік өткізілді

05/06/2017

Жалағаш аудандық сотының ұжымы сенбілік шарасын өткізді.

Сенбілік барысында сот ғимаратының қоршауын сырлап, сот ғимарат аумағындағы ағаш бұталар мен қоқыстарды жинастыру жұмыстары жүргізілді.

 Сенбілік өткізу шарасы сотта сот ғимараты мен оның қоршалған аумағында тазалықты сақтау мақсатында өткізіліп тұрады.