Архив событий

06/06/2017

Шиелі аудандық сотында брифинг өтті

06/06/2017

Шиелі аудандық сотының төрағасы М.Еркінбеков облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісінің қатысуымен «Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы қолдану тәжірибесі» тақырыбында брифинг өткізді.

Алимент төлеуден жалтарған

06/06/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды

Құқық бұзушы Б. Жаңақорған аудандық сотының 12.02.2015 жылғы сот бұйрығы негізінде жазылған өндіріп алушы Ш-ның пайдасына алимент өндіру туралы атқару құжатын орындамай, Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген  құқық бұзушылық әрекетін  жасаған.

Сот отырысында азамат Б-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындау жауабымен қатар іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты.

Қызылорда қалалық АХАТ бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді

06/06/2017

Қызылорда қаласысының ішкі саясат бөлімі мен Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы-мемлекет тірегі» атты тақырыбында  «дөңгелек  үстел» өтті.

Іс-шараға Қызылорда қаласының №2 сотының жетекші маманы Тұңғышбаев Исағали Өмірзақұлы қатысып қайтты.

Пікір білдіріңіздер!

06/06/2017

Сот беделін көтеру, олардың жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету, Қызылорда облыстық соты судьялыққа тағылымдамадан өту үшін бос орындарға жариялаған конкурсқа кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында төмендегі кандидатты  тұрғындар  назарына  ұсынады. Осы азамат жөніндегі пікірлеріңізді, қосымша ақпараттарыңыз және мәліметтеріңіз болса, облыстық сотқа  «12» маусым 2017 жылға дейін  жолдауларыңызға болады.

Қызылорда қалалық сотында «Мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы істердің қаралуы» тақырыбында семинар өтті

06/06/2017

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы  А.Ж.Молдабекованың, судьялардың қатысуымен  «Мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы азаматтық істердің қаралуы»  тақырыбында семинар өтті.

Сот төрағасының міндетін атқарушы 2017 жылдың 5 айында сот өндірісіне түскен осы санаттағы істердің стаистикалық мәліметіне және қаралу тәжірибесіне тоқталды.

Семинарда осы санаттағы істерді қарауда заңдылық сақтауға, адам құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз етуге қатысты заң нормалары талқыланды.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

06/06/2017

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың 16 маусымында сағат 10-00 мен 12-00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес,  «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдар қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 55-97-95, 55-98-07 номеріне хабарласуына болады.

Заңсыз балық тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

06/06/2017

Арал аудандық сотында құқық бұзышы М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы М. жалпы салмағы 410 кг болатын балықтарды жөнелтпе құжатсыз, заңсыз тасымалдаған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденді.

Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған

06/06/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында құқық бұзушы Л-ге қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Л. 2017 жылы Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласына жұмыс жасап, пайда табу мақсатында келіп, келгеннен кейін ішкі істер органдарына Қызылорда облысы, Сырдария ауданына уақытша тіркеуге тұрып, ҚР-да болу қағидаларын бұзып, өзі Қызылорда қаласы, Бектурганов көшесінде орналасқан үйде тұрып жатқаны анықталып, полиция қызметкерлерімен ұсталып оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, сотқа жолданған.

Қызылорда қалалық сотында заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық іс қаралды

06/06/2017

Азамат П. сотқа туылғандығын тіркеу заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арыз келтірді.

ҚР АПК-тің 305 бабына сәйкес, сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.

Қалалық АХАЖ бөлімінің қорытындысына сәйкес, арызданушыға туу туралы куәлікті қалпына келтіруден бас тартылған.

Аталған фактіні анықтаудың арызданушы үшін заңдық маңызы бар.