Архив событий

26/06/2017

«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

26/06/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні»  іс-шарасы өткізілді.

Шараға қатысушыларды төраға А.Дәуренбеков қабылдады.

Қабылдауға келген «Агроцентр» ЖШС-нің директоры Н.Ительгиев мемлекеттік сатып алу заңнамасына байланысты өз сұрақтарын қойды.

Қабылдауды жүргізген төраға А.Дәуренбеков «Агроцентр» ЖШС-нің директоры Н.Ительгиевтің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

26/06/2017

Сырдария  аудандық  сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат А-ға  қатысты  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. отбасы-тұрмыстық қатынастағы балдызы П-ға балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған.

Сотта, жәбірленуші П. жездесі А-мен медиация арқылы өзара татуласып, бітімгершілікке  келгендерін  көрсетті.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

26/06/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. Жаңақорған аудандық сотының 18 қазан 2016 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы М-ның пайдасына алимент төлеуге міндеттелген. Құқық бұзушыға сот орындаушысымен бірнеше мәрте сот актісін орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған.

Сот отырысында, құқық бұзушы кінәсін мойындап, тұрақты жұмысы болмағандықтан алимент төлеуге мүмкіндігі болмай жүргенін көрсеткен.

Айыппұл жазасы тағайындалды

26/06/2017

Жалағаш аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу)  азаматша Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  дүкен сатушысы құқық бұзушы Т. жиырма бір жасқа толмаған А-ға бір шөлмек алкоголь өнімін сатқан.

Жалағаш аудандық соты құқық бұзушы азаматша Т-ны ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22 690  теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (26.06.2017 ж.)

26/06/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

1. Қызылорда облысы  бойынша  соттар әкімшісінің талдау  және  жоспарлау  бөлімінің  басшысы (С-О-4 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

1. Султанова Гулнар Темирхановна,

«Ашық есік күні» өткізілетіні хабарланады

26/06/2017

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында 2017 жылдың 30 маусым күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін "Ашық есік күні" өткізіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды  сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты қатысты сұрақтарымен Шиелі аудандық сотының төрағасы қабылдайды.