Талапкердің талап арызы ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық іс бойынша талапкердің талап арызын ішінара қанағаттандырды.

Талапкер А. сотқа талап арыз беріп, жауапкер Ж-мен заңды некеден ортақ кәмелетке толмаған А. есімді қызы бар екенін, сот шешімімен заңды  неке бұзылып, қызы анасының тәрбиесінде қалдырылғанын, онымен қарым-қатынас жасап, тәрбиесіне қатысқысы келетінін, алайда, жауапкер баласымен кездесуге рұқсат бермей, қарсылық көрсетіп отырғанын көрсетті, сондықтан соттан кәмелетке толмаған баласымен әр аптаның сенбі күні сағат 08:00 ден жексенбі күні 18:00-ге дейін өзінің үйіне алып кетіп үшін кездесу уақытын  белгілеуді сұраған.

Сот шешімімен талапкердің талап арыз ішінара қанағаттандырылып, айына төрт рет - әр аптаның сенбі күні сағат 18:00-ден бастап жексенбі  күні сағат 17:00-ге дейін  қондыру  арқылы кездесу уақыты белгіленді.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі