Архив событий

02/06/2017

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

02/06/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  А.Сабыров жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған, 5 сотталушыға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша  БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында колледж студенттерінің қатысуымен сот отырысы өткізілді

02/06/2017

Жаңақорған аудандық сотының судьясы Б.Елшібековпен Жаңақорған аудандық аграрлық техникалық колледжі студенттерінің қатысуымен әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған  азамат Б-ға  қатысты сот  отырысы  өткізілді.                                                   

Құқық бұзушы Б. пісте шағып, қалдығын жерге тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орнын ластап, ұсақ бұзақылық іс әрекет жасаған.             

Сотта семинар ұйымдастырылды

02/06/2017

Қызылорда қалалық сотында «Сот кеңселерінде іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға кеңсе меңгерушісі А.Кульманова, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар сотта мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізудің жай-күйін және оны қолданудың сапасын арттырудың ағымдағы және перспективалық мәселелерін талқылады.

Хабарландыру, ішкі конкурс жарияланады

02/06/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары: 8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail: 724-0202@sud.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Аудандық сотта сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өтті

02/06/2017

Шиелі аудандық сотында сот жүйесінің ардагерлері және олардың жұбайларымен кездесу өтті.

Кездесуге сот жүйесінің  ардагері З.Жаңбыршаева, сала ардагерлері Ә.Елібаев, М.Ыбраевтың жұбайлары Б.Аитова, Ж.Ыбраевалар қатысты.

Қонақтар Шиелі аудандық сотының мұражайында болып, онда қойылған аудандық соттың тарихынан сыр шертетін экспонаттармен, құнды мәліметтермен танысты.

Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

02/06/2017

2017 жылдың 24 маусымда сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.

«Ашық есік күні» қосымша ақпараттар алу үшін (8-336-22) 7-38-55 телефон номеріне хабарласуға болады.

Арал аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді

02/06/2017

Арал аудандық сотында сот төрағасы Е.Тұрбаевтың, Қызылорда облыстық сотының приставы Б.Қошановтың, аудандық соттың судьялары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шиелі аудандық сотында брифинг өтті

02/06/2017

Шиелі аудандық сотында «Шарайна сейхун» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы А.К.Жолдыбаев аудандық сотта ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсызиеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша қаралған әкімшілік іс бойынша мәлімет берді.

Қызылорда қалалық сотында іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

02/06/2017

Азаматша М. сотқа жауапкер Т. жол көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап қою арызын келтірді.

Сот отырысында тараптар өзара келісімге келіп, талапкер жауапкермен табысуына байланысты өз талабынан бас тартты, атап айтқанда, жауапкер көлікті қалпына келтіру шығындарын толығымен мойнынан алып, талапкер талабынан бас тартты.

Тараптар соттан медиация тәртібімен бітімгершілік келісімді бекітуді сұраған.

Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін сотталды

02/06/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта сотталушы М-ның қала тұрғындарына есірткі затын сатып жатқандығы жайлы жедел мәлімет түсіп, ЕБҚКБ-ның қызметкерлері есірткі заты сатып алу үшін азамат Ф-ның көмегімен соталушы М-ға 20 000 теңге ұсынылып, есірткі заты жалпы салмағы 47,66 грамм марихуана сатқаны анықталды.

Аудандық сотта семинар өткізілді

02/06/2017

Қазалы аудандық сотында судьялардың қатысуымен «Азаматтық істер бойынша оңайлатылған іс жүргізу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинарда судья Г. Тиштикбаева өз баяндамасында дауларды қарастыру және шешу сапасын арттыру және тездету жөнінде айтты. Сондай-ақ, сот өндірісін жеңілдету мақсатында қысқартылған өндірістің жаңа түрі– оңайлатылған іс жүргізу тәртібі енгізілгенін түсіндірді.

«Заңсыз есірткі заттары жөніндегі істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

02/06/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында «Заңсыз есірткі заттары жөніндегі істерді қарау ерекшеліктері»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді. 

Семинар жұмысына сот төрағасы мен судьялар қатысты.

Іс-шараны  сот төрағасы Әбу Айбек ашып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің  296-бабында есірткі психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекорсурлармен өткізу мақсатында заңсыз жұмыс істеу бағытындағы қылмыстық іс әрекеттер бойынша жауаптылық көзделгенін айтып өтті.

3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

02/06/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы азамат Қ-ға қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Іс  құжаттарынан анықталғаны, құқық бұзушы Қ. Тереңөзек кенті, Қазақ  көшесінің  бойында  автокөлігін  алкогольді  масаң  күйінде  басқарған.

Құқық бұзушының мас күйін медициналық тұрғыда куәландыру актісіне сәйкес, оның құқық бұзушылық жасаған сәтте алкогольдік масаң күйде  болғандығы  анықталған.

Неке бұзу туралы азаматтық іс медация тәртібімен тоқтатылды

02/06/2017

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның жауапкер Т-мен араларындағы некені бұзуды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы А., өзінің  талап арызында, жауапкерТ-мен заңды некеде тұрғанын, алайда, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын айтып, көрсеткен.