Архив событий

13/06/2017

Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

13/06/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, 26 маусым 2017 жылы сағат 16:00-18:00 аралығында Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы  өтеді.

«Ашық есік күні» шарасына азаматтар немесе заңды тұлғаның өкілдері қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.

Қосымша ақпарат алу үшін (8-724-33) 2-42-28 телефон нөміріне хабарласуға болады.

 

Халықаралық шарттарға қатысты брифинг өтті

13/06/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судьясы С.Утегенова БАҚ өкілдерінің қатысуымен көші-қон заңнамасы саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар туралы брифинг өткізді.

Сотта «Қылмыстық-процестік заңның сот отырысының хаттамасы жөніндегі нормаларын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

13/06/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық-процестік заңның сот отырысының хаттамасы жөніндегі нормаларын қолдану» тақырыбы  бойынша семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы А.Сабыров, судья Д.Әбдіхалықов, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева  және сот қызметкерлері  қатысты.

Брифинг өткізілді

13/06/2017

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Медиация тәртібімен қаралған істер» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Н.Бекетаев медиация тәртібімен қаралған істерге тоқталып, 2017 жылдың 5 айында аудандық сотта 16 қылмыстық іс, 28 азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуіне байланысты қысқартылғанын айтып өтті.

Ұлттық діни алауыздықты қоздыру белгілері бар ақпарат таратушыға үкім шығарылды

13/06/2017

Қызылорда  қаласының  №2  соты сотталушы  Н-ның  қылмыстық   ісін қарады.

Сотпен анықталғандай, Қызылорда облыстық Ішкі Істер департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сотталушы Н. ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, ұлттық діни алауыздықты қоздыру белгілері бар ақпарат жеткізгіштерді электронды жәшігіне жариялы түрде орналастырып, таратқан.

Неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

13/06/2017

Шиелі аудандық сотында талап қоюшы А. мен жауапкер Н-ның неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы А. өз талап арызында, жауапкермен заңды некеде тұрғанын, некеден ортақ кәмелеттік жасқа толмаған балаларының барын, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын айтып, көрсеткен.

Сотта, тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, соттан азаматтық істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/06/2017

Талапкер «Қ» республикалық қоғамдық бірлестігі жауапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 250 000 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен істі қарап жатқан судьяға өтінішхатпен жүгінген.

ҚР АПК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес, тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Сотта тараптар судьяның көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

«Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» тақырыбында семинар болып өтті

13/06/2017

Қазалы аудандық сотында  «Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» тақырыбында семинар  ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудандық сот судьялары мен кеңсе қызметкерлер қатысты.                

Аудандық сот судьясы Қ.Мыханов аталған тақырыпта баяндама жасап, әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары, әкімшілік жаза түрлері, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары жөнінде түсініктеме берді.             

Кәмелет жасына толмаған жасөспірім ұсақ бұзақылық жасаған

13/06/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кәмелет жасына толмаған Х-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1 бөлігімен  (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер бойынша) әкім

Алаяқтық жасаған сотталушы жазаға тартылды

13/06/2017

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы А-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы А. мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып бере алатынына сендіріп жәбірленуші Ж-дан 283 000 теңгесін,  жәбірленуші М-дан 130 000 теңге, жәбірленуші Г-ден 70 000 теңгеден алып, бас пайдасына жаратып, алаяқтық жасаған.