Архив событий

08/06/2017

Облыстық сотта аттестациялаудың әңгімелесу кезеңі өтті

08/06/2017

Бүгін Қызылорда облыстық сотында, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында өткен аттестациялаудан түрлі себептермен босатылған сот жүйесіндегі мемлекеттік қызметкерлер арасында аттестациялаудың екінші сатысы әңгімелесу кезеңі өтті. Аталмыш кезеңнің қорытындысы бойынша барлық сот маманы оң нәтиже көрсетті.

Шиелі аудандық сотында Медиация туралы Заңын және пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізілді

08/06/2017

Шиелі аудандық сотының БАҚ-пен байланыс қызметін үйлестіруші судьясы Ә.Түбекбаева облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолданылуы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізді.

Сот қызметкері марапатталды

08/06/2017

«Қазақстан полициясының 25-жылдық» мерекесі аясында Ішкі істер органдарының ардагері, полиция полковнигі Ахметов Ғалымжан Ахметұлын еске алуға арналған Құқық қорғау органдарының арасынан волейболдан өткізілген турнирде Қызылорда облыстық сотының құрама командасы 3-ші орынға ие болып, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот жасауылы Жиенқожа Нұркен Шәдібекұлы «Үздік шабуылшы» атағымен марапатталып, ұялы телефонды сыйлыққа алды.  

«Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында брифинг өткізілді

08/06/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында жергілікті баспасөз өкілдерінің  қатысуымен брифинг өткізілді.

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/06/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлған ауданаралық сотымен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы М. «Т» мейрамханасында администратор болып қызмет жасап жүріп, түнгі уақытта төрт кәмелетке толмағанға ойын-сауық мекемесінде заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз болуына жол берген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы М. ҚР ӘҚбтК-нің 132 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 47649 теңге айыппұл салынды.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/06/2017

Қармақшы аудандық сотында құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды

Құқық бұзушы К. Қарағанды облысы, Абай аудандық №2 сотының сот бұйрығымен өндіріп алушы М-ның пайдасына алимент өндіру туралы сот актісін орындамай, Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген  құқық бұзушылық әрекетін  жасаған.

Сот отырысында азамат К-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындау жауабымен қатар іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты.

Көлік құралын алкагольді масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

08/06/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат Д-ға  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының  1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша азамат  Д. «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігін Жаңақорған кенті, Б.Аралбаев көшесі бойында алкагольді масаң күйде басқарған.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (С-R-1, C-R-4 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

08/06/2017

2017 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос және  уақытша  бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткерлердің  құжаттарын  қарау және әңгімелесуге  жіберу  жөніндегі отырысы  өтті.

Конкурстық  комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды

08/06/2017

Қазалы аудандық сотымен Е-ге қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөнінде материал қаралды.

Қазалы аудандық сотының үкімімен сотталушы Е. ҚК-тің 191-бабының 2-бөлігінің 1 –тармағымен  3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған. Пробация қызметінің есебіне алынып, тағайындалған жаза мерзімінің жартысын іс жүзінде өтеуіне байланысты сотқа шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды сұраған.

Жол көлік оқиғасын жасап, жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірген

08/06/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Р-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 2 бөлігімен  (көлік құралдарды жүргізушілерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлуіне әкеп соққан бұзушылығы бойынша) әкімшілік іс қаралды.