Архив событий

21/06/2017

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды

21/06/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің  307-бабының 1-бөлігімен  айыпталып сотқа берілген К.-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Іс бойынша сотталушы К., жекеменшік үйдің бөлмесін жалға алып, ойын мекемесін заңсыз ашып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырған.

Сот талқылауында сотталушы К-ның  қылмыстық іс-әрекеті оның өзіне тағылған айыпты толық мойындады.

«Ашық есік күні» өткізілді

21/06/2017

20 маусым 2017 жылы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.  Іс-шараға келген азаматтарды судья Қ.Бержанов қабылдады.

Алкогольдік масаң күйінде көлік басқарғаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

21/06/2017

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы С-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарынан анықталғаны құқық бұзушы С. көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ екеніне қарамастан, көлік құралын алкогольді масаю күйінде басқарған.

Сот, құқық бұзушы С-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Темекі қалдығын тастағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

21/06/2017

Сырдария аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған құқық бұзушы Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Д. Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі бойында өзінің шегіп тұрған темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін  іс-әрекетті  жасаған.

Жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған

21/06/2017

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы А-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы А. жәбірленуші Б-ны ауруханаға жұмысқа тұрғызып бере алатындығын айтып, 200 000 теңгесін,  жәбірленушілер Ж. мен С-ны аталған ауруханаға «шаруашылық аяжан» қызметіне жұмысқа тұрғызып бере алатындығын айтып, сендіріп әр қайсынан 150 000 теңгеден, ал жәбірленуші Г-ны «медбике» қызметіне орналастырып беретінін айтып, 280 000 теңгесін алдап алып өз пайдасына  жаратып, алаяқтық жасаған. 

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

21/06/2017

Қармақшы аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. өз үйінде жанжал шығарып, заңды некедегі әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой емес медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Бұзақылық жасаған қызға жаза тағайындалды

21/06/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы А-ның қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда, айыпталушы Ә. кафе ішінде жәбірленуші С- ға себепсізден-себепсіз тиісіп, шашынан тартып, көзінен ұрып, аяғымен теуіп, жәбірленушінің денсаулығына «жеңіл дәрежелі» зиян келтірген.