Архив событий

07/06/2017

Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған

07/06/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1 бөлігімен  (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ жөнінде) әкімшілік іс қаралды.

Қармақшы аудандық сотында семинар-тренинг өтті

07/06/2017

Шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары және АІІБ-нің қызметкерлері қатысты.

Семинар жұмысының күн тәртібімен аудандық соттың төрағасы Қ.Абдуллаев таныстырды.

Шара барысында Қармақшы АІІБ-нің ЖПҚ-нің бастығы Ғ.Нагиев «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтар бойынша істер» тақырыбында баяндама жасады.

Дау тараптардың татуласу келісімімен шешілді

07/06/2017

Талапкер «Д» жеке кәсіпкері жауапкер «С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 4 640 000 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар өзара татуласу келісіміне келіп, соттан оны бекітуді сұрады.

ҚР АПК-нің 277-бабының 5-тармағына  сәйкес, сот егер тараптар татуласу келісімін жасасса және сот оны бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Соттың ұйғарымымен тараптардың татуласу келісімі бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.