Архив событий

22/06/2017

Жалға беру шарты бойынша қарыз сомасы ішінара өндірілді

22/06/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы М-ның жауапкер Б-дан жалға беру шарты бойынша қарыз сомасын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Сот мәжілісі барысында, тараптар арасында талап қоюшы М-ның меншік құқығына тиесілі автокөлік жуу ғимаратын жалға беру жөнінде шарт жасалған.

Жалға беру шартына сәйкес, ай сайынғы жалға беру төлемі 100 000 теңгені құраған. Алайда, жауапкер жалға беру төлемдерін жасау жөніндегі өз міндеттемелерін бұзып, соның салдарынан қарыз жинақталған.

Жаңақорған аудандық сотымен медиация туралы пилоттық жобаны жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар белсенді атқарылуда

22/06/2017

26 қаңтар 2017 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен  медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба бекітілді.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (С-О-4, C-R-4 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

22/06/2017

2017 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос және  уақытша  бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткерлердің  құжаттарын  қарау және әңгімелесуге  жіберу  жөніндегі отырысы  өтті.

Конкурстық  комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

Сотта семинар-кеңес өткізілді

22/06/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы А.Сабыров, судья Д.Әбдіхалықов, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева  және сот қызметкерлері  қатысты.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

22/06/2017

Байқоңыр қалалық сотында  азаматша Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес азаматша Е. Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесінде төңiрегiндегiлерге сыйламаушылық білдіріп, темекі қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.

Сот қаулысымен азаматша Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.