Алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 669 бабы (сот шешімін орындамау) бойынша құқық бұзушы Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2012 жылы 20 қыркүйегінде Шиелі аудандық аумақтық бөлімі Әділет департаментінің филиалының аға сот орындаушысымен Қ-ға қатысты Д-ның пайдасына кәмелетке толмаған баласына кәмелеттік жасқа толғанға дейiн ай сайын ¼ мөлшерінде тапқан табысының барлық түрлерінен алимент төлеуге міндеттелгені туралы сот бұйрығын орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Сот отырысында Қ. кінәсін мойындап, алимент төлемегенін көрсетті.

Сот қаулысымен  құқық бұзушы Қ. ҚР ӘҚБтК 669 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш, 22690  теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі