Алимент төлемегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, Қазалы аудандық сотының 14.11.2016 жылғы сот бұйрығына сәйкес борышкер Н-дан өндіріп алушы Б-ның пайдасына 1/4 бөлікте алимент өндіру туралы атқарушылық өндіріс қозғалған. Борышкер Б. қарызын төлемей, соттың актісін қасақана орындамай, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген құқық бұзушылықты  жасаған.

Сот отырысында азамат Н. құқық бұзушылық әрекетін толық мойындап, алимент қарыздарын тұрақты жұмысы болмағандықтан сот актісін орындау мүмкін болмай жүргенін жеткізді.

Сот қаулысымен азамат Н. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі