Алимент төлемегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Байқоңыр қалалық сотында азамат В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, азамат В. Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 12.10.2005 жылғы барлық тапқан табысының 1/4 бөлігін Н-ның пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын 2015 жылдың маусым айынан бастап орындамаған. Содан алимент бойынша қарызы 1 071 846 теңгені құраған.

Сотта, азамат В. қазіргі таңда уақытша жұмыссыз екенін, жұмысқа орналаса алмай жүргендіктен сот бұйрығын орындай алмағанын айтты.

Сот қаулысымен, азамат В. ҚРӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар