Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ж. Ақтөбе қаласындағы «Колхозная» базарынан Рессей Федерациясының жалпы құны 10 141 746 теңге  болатын 5228 шөлмек заңсыз акциздік маркалары жапсырылған арақтарды сатып алып, сақтап Әйтеке кентіндегі дүкенінде сатқан.

Басты сот талқылауында сотталушының кінәсі өзінің мойындау түсінігімен және іс бойынша жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің  233-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР  Заңының 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес тағайындалған негізгі жазадан босатылды. Заттай дәлелдеме 5228 шөлмек Ресей Федерациясының алкоголь өнімдері жойылды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі