Абайсызда әкесін өлтіріп, бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен айыпталған сотталушы К-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, сотталушы К-ны әкесі Ж. ішімдік ішкеніне, жұмыс істемейтініне реніш білдіріп, аяғымен теуіп, қолындағы күректің ағаш сабымен ұрады. Сол кезде сотталушы К. әкесі Ж-ны итеріп жіберіп, жерге құлатып, әкесінің қолындағы күректі тартып алып, басынан бірнеше мәрте ұрып, әкесі Ж-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген. Әкесі Ж. алған ауыр дене жарақаты салдарынан бірнеше күннен кейін қайтыс болады.

Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін жартылай мойындаған. Алайда, сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптары және істегі іс құжаттары, сондай-ақ, сот-дәрігерлік сараптама қорытындысымен толық дәлелденген.

 Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды, бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі