Архив событий

02/10/2017

Қызылорда облысының Арал аудандық сотында бір күнде партисипативтік рәсім тәртібімен 7 азаматтық іс аяқталды

02/10/2017

Арал аудандық сотында бір күнде қарыз сомаларын және материалдық шығын өндіру жөніндегі 7 азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен қаралып, аяқталды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодексінің 181 бабының 1 бөлігінде, тараптар осы кодекстің 179 бабында көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы делінген. Бұл жаңашылдық дауларды жедел түрде шешуді жеңілдетеді.

Бес жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

02/10/2017

Қазалы аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен құқықбұзушы Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат  Т-ның Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті тас жолының бойында алкогольді масаң күйде өз автокөлігімен азамат Е-нің автокөлігіне соғып, соңғыға материалдық шығын келтіргені анықталды.

Сот отырысында азамат Т. әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәсін толық мойындады.

Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық Достық үйінде «Қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

02/10/2017

Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық Достық үйінде «Қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті

Іс-шараға  аудандық соттың төрағасы А.Абдулла,  судья Ж.Жолдасов, аудан прокурорлары А.Тәженов, С.Темірханов, АІІБ-нің бастығы Е.Сағидуллаұлы, АІІБ-нің ЖПҚ бастығының орынбасары Н.Қасымханов, адвокат Қ.Жаппасбаева, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы А.Сақыбеков және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі Б.Ордабеков қатысты.

16 жылға бас бостандығынан айырылды

02/10/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 42 жастағы ер азаматқа қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Сотталушы 2017 жылдың  сәуір айында балық аулауға барып, 1 дана патронымен шолақ мылтық тауып алып, оны үйіне апарып жасырып қойған.

Сот қолхат бойынша қарыз сомасын төлеуді міндеттеді

02/10/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Е-ден қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер Е. 2017 жылдың 7 наурызында талап қоюшы А-дан наурыз айының аяғына дейін қайтаратын болып, 150 000 теңге қарызға ақша алған. Бірақ, талап қоюшының бірнеше мәрте сұрағанына қарамастан, жауапкер қарыз ақшасын қайтармаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272 бабының талабына сәйкес, міндеттеме-міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы «Заңгер кеңесі» бағдарламасына қатысты

02/10/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Медетбек Сарсенов «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Заңгер кеңесі» бағдарламасына қатысып, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Сұрақтардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу туралы, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың қандай тәсілдері бар, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылғаннан кейін қандай мерзімде қатысуға жіберіледі, мемлекеттік сатып алу саласында қандай тізілімдер бар және т.б. сұрақтарға жауап берді.

Партисипативтік тәртіппен азаматтық іс қаралды

02/10/2017

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы М-ның жауапкер Ж-дан 350 000 теңге берешегін, мемлекеттік бажға төленген 3 500 теңгені, барлығы 353 500 теңге өндіруді немесе кепілге қойылған МТЗ-80 тракторын алып беруді сұраған талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында тараптар 2017 жылғы 27 қыркүйектегі тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен өткізілген дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұраған.

Қызылорда қаласының № 2 сотында «Ашық есік күні» өтеді

02/10/2017

2017 жылдың 5 қазанында, сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

«Ашық есік күні» жайлы қосымша ақпарат алу үшін 8 (7242) 55-98-71 номеріне хабарласуға болады. Мекен жайы:Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29.

Қарыз сомасын өндіру туралы талап қою арызы оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды

02/10/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Э» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  жауапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 1 256 731 теңге қарызды  өңдіру туралы азаматтық ісі қаралды.