Архив событий

06/10/2017

Қазалы аудандық соты 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмысты қорытындылады

06/10/2017

Қазалы аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Г.Тиштикбаева 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясына жергілікті «Қазалы», «Тәуекел туы» газеттерінің, «Серік» телеарнасының өкілдері қатысты. 

Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы  азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді қарау бойынша статистикалық мәліметтерін хабарлады. 

Бір күнде Жалағаш аудандық сотында 3 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

06/10/2017

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 149-бабы 2-бөлігімен азамат Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Е. Жалағаш ауданында орналасқан үйге барып, жәбірленуші Г-нің еркінен тыс тұрғынжайға заңсыз басып кірген.

Сотта істі қарау барысында тараптар медиация тәртібімен татуласып, келісімге келді.

Қазалы аудандық сотында қылмыстық істер бойынша анықталған заң бұзушылық фактілері талқыланды

06/10/2017

Қазалы аудандық сотында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Қылмыстық істер бойынша анықталған заң бұзушылық фактілерін  талқылау»  мақсатында жиын өтті.

Басқосуға аудандық соттың судьялары мен прокуратура органдарының прокурорлары, ішкі істер бөлімінің басшылары, тергеушілері, анықтаушылары мен жедел уәкілдері қатысты.

Басқаруға құқығы жоқ бола тұра автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарған

06/10/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша А-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 8-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азаматша А. көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, ҚР жол жүрісі Қағидасының 2-бөлімінің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, алкогольдік масаң күйде Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесінің бойында өзінің автокөлігін басқарып құқық бұзушылық жасаған үшін оған қатысты хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарау үшін жолданған.

Жаңақорған аудандық сотында тараптар татуласуына байланысты әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

06/10/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес сотта, құқық бұзушы А-ның  бұған дейін 2017 жылы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылып, ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылған, бір жыл ішінде екі рет қайталап өз үйінде, масаң күйде әйеліне былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсетіп, жанұясының тыныштығын бұзғаны анықталды.

Қазалы аудандық соты мен аудандық ішкі саясат бөлімі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

06/10/2017

Қазалы аудандық соты, Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ.Темірбаевпен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум аудандық соттың жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасау мақсатында сот жүйесіндегі жариялық пен ашықтықты қамтамасыз ету, БАҚ-пен өзара ынтымақтастықты нығайту, брифингтерді ұдайы өткізіп отыру және оларды жұршылыққа жариялауды қамтамасыз етуді көздейді.

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша қаралған істерге қатысты брифинг өткізілді

06/10/2017

Сырдария аудандық сотында аудандық сот төрағасы Абдрахман Абдулланың, судья Жолдасов Жарастың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Шиелі аудандық соты 2017 жылдың 9 айын қорытындылады

06/10/2017

Шиелі аудандық сотында судьялар мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясына аудандық «Өскен-өңір» және «Шарайна-Сейхун» газеттерінің тілшілері қатысты.

Журналистермен кесдесу барысында сот төрағасы міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева  аудандық соттың 2017 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша мәліметтер берді.

Ұрлық жасағаны үшін 3 жыл бас бостандығынан айырылды

06/10/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен айыпталған Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ш. бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында,  Байқоңыр ғарыш айлағындағы орналасқан қоймаға заңсыз кіріп, «КПВБ-0 52*2,5 мм2» маркалы ұзындығы 831,6 метр кабельдерін кесіп жинап алып, ұрлық жасау барысында Ресей Федерациясының Байқоңыр кешеніндегі ІІБ-нің полиция қызметкерлерімен ұсталған. Нәтижесінде жәбірленушіге 4 536 767 теңге көлемінде мүліктік залал келтірілген.