Архив событий

24/10/2017

Темекі қалдығын тастағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

24/10/2017

Сырдария аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. Қызылорда қаласы, Тоқтыбаев көшесі бойында орналасқан «Асқар» дүкені жанында темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін іс-әрекетті жасаған.

Соттағы өткен "Ашық есік» күніне мектеп оқушылары келді

24/10/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Ашық есік» күні өтті.Шараға №176 орта мектептің мұғалімі И.Алтаеваның жетекшілігімен 9 сынып оқушылары қатысты.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

24/10/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өндірісінде арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Дауларды соттан тыс реттеу және татуластыру рәсімдерінің мүмкіндері талқыланды

24/10/2017

Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаев аудандық «Нұр отан» ХДП-ның филиалында «Дауларды соттан тыс реттеу және татуластыру рәсімдерінің мүмкіндіктері туралы»  мекеме қызметкерлері мен партия өкілдері арасында кеңінен түсіндірме жұмысын жүргізді.

Байқоңыр қалалық сотында 2017 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

24/10/2017

Байқоңыр қалалық сотында ағымдағы жылдың 9 айында қалалық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға қалалық соттың төрағасы мен «Тәуекел туы» газетінің өкілі қатысты.

2017 жылдың 9 айында қалалық сот өндірісіне 84 қылмыстық іс, 236 әкімшілік іс, 626 азаматтық іс түскен.

Ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арыз қанағаттандырылды

24/10/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер қалалық білім бөлімінің талап арызына сәйкес жауапкерлер Ж. мен М.-ны ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық ісін қарады.

Жаңақорған аудандық сотында дауды медиация тәртібімен реттеу пилоттық жобасы жүзеге асырылуда

24/10/2017

Жаңақорған аудандық сотында сот өндірісіне келіп түскен істер бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу тәсілі қолдана отырып қаралуда.

Медиация рәсімін кеңінен қолдану бойынша атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп, осы күні айтысудан шаршаған іс тараптарының өзара келісімге келіп, адамгершілік қарым-қатынастарын сақтап қалуына ықпал етуде. Сондай-ақ, Медиация туралы Заңның өміршеңдігі, халыққа тиімділігі дәлелін табуда.  

Жаңақорған аудандық соттың ұжымы әріптестері Д.Пірмановты зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтады

24/10/2017

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Нұрлыбек Қосанов  және сот судьялары мен мамандары аудандық сотта ұзақ жылдар бойы еңбек еткен көлік жүргізушісі Даулет Пірмановты  салтанатты түрде зейнетке шығарып салды.

         "Зейнетке  шығу – бұл өмірдің жаңа баспалдағы, атқарылған еңбектің танылуы, шынайы қызмет үшін алғыс білдіру, сонымен бірге еңбек өмірбаянының  тамаша мәресі. Сізге мықты денсаулық, отбасында бақыт, немере, шөберелер қызығын көруді тілеймін, - деді Н.Қосанов өз сөзінде.