Архив событий

26/10/2017

Қазалы аудандық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

26/10/2017

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхады Шығамбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 20 қазанындағы №564 Жарлығымен тағайындалған Қазалы аудандық сотының төрағасы Дидар Мұратбекұлын ұжымға салтанатты түрде таныстыру рәсімі өтті. Оған аудандық сот судьялары, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагер судьялар және сот мамандары қатысты.

Көшеде балағаттап, былапыт сөйлеп, ұсақ бұзақылық жасаған

26/10/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат К. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азамат К. Қызылорда қаласы, Пушкин көшесінде жәбірленуші А. ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасаған .

Тараптар партисипативтік келісімге келді

26/10/2017

Жалағаш аудандық сотында талапкер  жеке кәсіпкер А-ның  жауапкер Қ-дан 10 000 теңге қарызын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында сотқа тараптардан партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынылды, оған сәйкес қарыз ақша өндіру туралы арызы бойынша жауапкер талап қоюшыға  қарызын даусыз мойындайды және соттың ұйғарымы бекітілген күннен бастап 5 (бес) күн ішінде өз еркімен төлеуге міндеттенді.Талап қоюшы жауапкерден 10 000 теңге қарызын өндіру туралы талабынан бас тартты.

Қармақшы аудандық сотына жаңа төраға тағайындалды

26/10/2017

Қармақшы аудандық сотының мәжіліс залында Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхады Шығамбаев Қармақшы  аудандық сотының ұжымына және Қармақшы ауданының активіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы №564  Жарлығымен Қармақшы аудандық сотының төраға қызметіне тағайындалған Кентбаев Дархан Несипбайұлын таныстырды.

Алқа төрағасы Ә.Шығамбаев төраға қызметіне тағайындалған Д. Кентбаевқа  алдағы қызметіне сәттілік тілеп,  әділдікті орнатудағы жауапты міндетінде әділ болуына сенімін білдірді.

Сотта есірткі айналымына қатысты қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

26/10/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Абдықалықов, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Брифингте «Арал-Шеп» бекетінде Орал қаласының азаматтары ағайындылардың  көлігінде  полиция қызметкерлерімен аса ірі мөлшерде есірткі зат - кептірілген марихуана және біреуінің қол сөмкесінде жеке өзінің пайдалануына арналған есірткі зат-гашиш табылған қылмыстық іс бойынша, БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына судья жауап берді.

Қызылорда қалалық сотында іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

26/10/2017

         Қызылорда қалалық сотында азаматша Ж.-ның жауапкер Б. екеуінің арасындағы заңды некені бұзу туралы талап қою арызы қаралды.

         Сот отырысында тараптар өзара келісімге келіп, талапкер жауапкермен табысуына байланысты өз талабынан бас тартты. Яғни, судьяның медиаторлық әрекетінің қорытындысымен бір жанұя сақталып қалды. Тараптар соттан медиация тәртібімен бітімгершілік келісімді бекітуді сұрады.

Автокөлікті құқыққа сыйымсыз иеленіп алып кеткені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

26/10/2017

         Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен сотталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.  

         Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. жәбірленуші А-ның Әйтеке би кентіндегі қонақ үйдің ауласында  тұрған автокөлігін  жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алып кеткен.

        Басты сот талқылауында сотталушы С-ның қылмыстық әрекеті өзінің мойындау жауабы және іс бойынша жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Жаңақорған аудандық сотында ұрлық оқиғасы бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

26/10/2017

Жаңақорған  аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 2), 3) тармақтарымен айыпталған А.-ның  қылмыстық ісі қаралып, медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес А бөтен мүлкін жымқыру мақсатында,  танысы Б.-ның үй жайына барып, тұрғын үйге кіріп, кәмелетке толмаған балаларынан басқа ешкім жоқтығын пайдаланып, жәбірленуші Ш.-ға тиесілі шкаф сөресінде тұрған алтын салатын қобдишадан жалпы құны 270 000 теңге тұратын алтын алқасы мен алтын жүзіктерін алып кеткен.

Жаңа төраға тағайындалды

26/10/2017

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 20 қазан 2015 жылғы №564 Жарлығымен Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне Сабыров Асхат Аббасұлы тағайындалды.

Асхат Аббасұлы 8 шілде 1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1995-1999 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономист мамандығы бойынша білім алған. 2002-2004 жылдары Қазақ гуманитарлық Заң университетінде оқып, «заңгер» мамандығын алған.

Медиация рәсімдерін қолдану

26/10/2017

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі.