Архив событий

03/10/2017

Қармақшы аудандық соты мен Коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қармақшы аудандық архиві» өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

03/10/2017

Қармақшы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ербол Мәтжанов пен «Қармақшы аудандық архив» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қуанышбек Досниязов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсіміне сот қызметкерлері, архив мамандары қатысты.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек үстелге қатысты

03/10/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Айбек Дауренбеков облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткізілген «Мемлекеттік ұйымдардың заң бөлімшелері қызметтерінің тиімділігін арттыру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Сонымен бірге, іс-шараға Қызылорда қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы, құқық қорғау және уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Аудандық сот ардагерлерлерді мерекесімен құттықтады

03/10/2017

1 қазан-Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында Шиелі аудандық сотының ұжымы ардагерлермен кездесіп, мерекемен құттықтады.

Кездесуге сот жүйесінің  ардагері Т.Баймағанбет пен Шиелі кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Батырбаев қатысты.

Шара барысында сот жүйесінің ардагері Т.Баймағанбеттің өмір жолы, қызметі жайлы аудандық сот қызметкерлерімен аудандық «Өскен өңір» газетінде жарияланған мақала оқылып, таныстырылды.

Сот процесіне студенттер қатысты

03/10/2017

Қызылорда қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлімінің 3-тармағымен және 296-бабының 4-бөлігімен айыпталған сотталушы А-ға қатысты қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша сот процесіне Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің 2 курс студенттері қатысты.

Қызылорда облыстық сотының судьясы Ахметов Молдабек Меңлібайұлы жетекшілік ететін студенттер жоғарғы оқу орнында теориялық  білім алса, сот процесіне қатысып, білімдерін тәжірбиемен ұштастырды.

Азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

03/10/2017

Қармақшы аудандық соты талап қоюшы «Еуразиялық банк» АҚ-ның несие қарызы мен баж алымын өндіру туралы азаматтық ісін оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен  қарады.

Талап арызға сай жауапкерге келісім шарт бойынша 20 ай мерзімге несие  берілген, бірақ жауапкер уақытында төлемді өтемей, шарт бойынша  міндеттемелерін орындамаған. Осыған байланысты талап қоюшы жауапкерден берешек сома өндіруді және төленген мемлекеттік бажды қайтаруды сұраған.

Көлік салығы бойынша берешек өндірілді

03/10/2017

Арал аудандық сотында аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ-нің жауапкер А-дан көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, мемлекеттік кірістер басқармасымен жауапкерге  салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама берілгенімен,  салық берешегі өтелмеген.

«Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру сипатында қаралған қылмыстық істер» тақырыбында брифинг өткізілді

03/10/2017

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру сипатында қаралған қылмыстық істер» тақырыбында брифинг өтті.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

03/10/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «О» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны сотқа талап қою арызын беріп, онда жауапкер «Ж» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2017 жылдың 4 шілдесінде тараптар арасында келісім шарт жасалған. Келісім шартқа сәйкес тауарды тапсырыс берушінің өтінімі бойынша 24.07.2017 жылға дейін жеткізуге міндеттенген.

100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды

03/10/2017

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат Б-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Шиелі кенті Д.Смайлов көшесі бойында аудандық АІІБ-ның полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс шаралар жүргізу кезінде күдікті Б. ұсталып, куәгерлердің қатысуымен жеке тінту барысында, оның шалбарының қалтасынан салмағы 0, 99 грамм есірткі зат –  кептірілген марихуана табылған.