Архив событий

20/10/2017

Мүлікті бөлу туралы дау қаралды

20/10/2017

Жалағаш аудандық сотында талап қоюшы азаматша Г-нің, жауапкер Е-ден., ортақ мүліктен үлесті ақшалай бөлу туралы азаматтық ісі қаралды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылды

20/10/2017

Жалағаш аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) азамат Б. қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесіне енгізілген жаңалықтар тақырыбында брифинг өткізілді

20/10/2017

Бүгін Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі А.Аблаева БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті» сервисінің қызметтеріне қатысты брифинг өткізді.

Брифингте 2014 жылы енгізілген «Сот кабинеті» сервисінің сот ісін жүргізудің барлық бағыттарында электронды нұсқада 50-ге жуық қызмет түрін беретіндігіне тоқталды.

«Сот кабинеті» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

20/10/2017

Жалағаш аудандық сотында мамандар арасында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі бойынша құжаттарды сотқа жіберу тақырыбында семинар сабақ өтті. Шарада жетекші маман Д.Шадаев баяндама оқып, қатысушыларға сервистің жаңа мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті.

Қылмыстық сотта брифинг өткізілді

20/10/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы Р.Хизатова БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Сот кабинеті және Сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар таныстырылды

20/10/2017

Шиелі аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.Баспасөз конференциясына аудандық «Өскен-өңір» және «Шарайна-Сейхун» газеттерінің тілшілері қатысты.

Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді

20/10/2017

Брифинг аудандық сот төрағасы А.Абдулланың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Сот төрағасы А.Абдулла сот өндірісінде қаралған қылмыстық іс жөнінде ақпараттарымен бөлісті.

3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

20/10/2017

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 1 бөліміне сәйкес ( жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат. А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Пилоттық жоба аясында азаматтық іс жүргізу тоқтатылды

20/10/2017

Шиелі аудандық сотында талап қоюшы Р-ның жауапкер У-мен арадағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды. Сот отырысы барысында медиация пилоттық жобасы аясында талап қоюшы мен жауапкер аудандық кәсіби емес медиатордың көмегімен медиативтік келісімге қол жеткізгендерін айтып, келісімді сотқа ұсынды.

Жаңақорған аудандық сотында азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен қаралды

20/10/2017

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы Қ.-ның жауапкер Т.-дан жеке мүліктерін немесе мүліктерінің құнын ақшалай өндіру туралы азаматтық ісі партисипативтік рәсім (екі тараптың адвокаттарының жәрдемдесуімен тараптарды татуластырып, дауды реттеу) тәртібімен қаралды.