Архив событий

27/10/2017

Қызылорда облыстық сотында жазаларды тағайындау және олардың орындалу мәселелері талқыланды

27/10/2017

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының ұйымдастыруымен «Бас бостандығынан айырудан тыс жазалардың тағайындалуы, оның ішінде қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны орындау туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қызылорда қаласының № 2 соты, Қызылорда қаласының әкімдігі және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

27/10/2017

Қызылорда қаласының №2 соты Қызылорда қаласының әкімдігі  және  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментімен бірлесе отырып, бас бостандығынан айырудан тыс жазалардың тағайындалуы, оның ішінде қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны орындау барысындағы жұмысты  жандандыру  мақсатында,  бір-біріне  өзара кең көлемде көмек көрсету ұстанымдарына негізделе отырып ынтымақтастық  туралы  үшжақты Меморандумға  қол  қойды.

Қалалық сотта «Дауларды шешуде баламалы тәсілдерді дамытудың тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

27/10/2017

Қызылорда қаласының № 2 сотында  «Дауларды шешуде баламалы тәсілдерді  дамытудың тиімділігі» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге сот судьялары Ж.Жәкеева, Б.Жаңабаев,  қалалық прокуратураның  бөлім  прокуроры  әділет кеңесшісі С.Темірбекова,  қалалық адвокаттар алқасының меңгерушісі Б.Балкей,   «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-ның  Қызылорда  облысы бойынша өкілеттік  директоры  Л.Бактибаева  қатысты.

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (27.10.2017 ж.)

27/10/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидат:

 

    1.Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық  соты кеңсесінің бас маман-сот  мәжілісінің хатшысы  (С-R-4 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

    Сәбитова  Гүлжан  Талғатқызы;

Ашық есік күні өткізіледі

27/10/2017

2017 жылдың 03 қарашада сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өткізілді

27/10/2017

Бүгін Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар атап айтқанда ұсақ бұзақылық санатындағы әкімшілік істер тақырыбында брифинг өткізді.