Архив событий

04/10/2017

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

04/10/2017

Қармақшы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Қармақшы аудандық сотының судьясы Е.Кұтыбаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында судья Е.Кұтыбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 3)-тармағымен қаралған КҚ-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Өзбекстан Республикасының 3 азаматы қөші-қон заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

04/10/2017

Жанақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2 және 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған Өзбекстан Республикасының 3 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Құжаттарын тексеру кезінде анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары жеке мақсатпен келдім деп, келу мақсатына сай болмай, ауызша мәміле жасап, құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген, сондай-ақ тіркелген мекен-жайларында болмаған.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы іс-сапармен Арал аудандық сотында болды

04/10/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы іс-сапармен Арал аудандық сотында болды.

Облыстық соттың төрағасы сот жұмысымен танысып, сот мәжілісі залдарын, сот мұрағатын, сондай-ақ медиация кабинетін аралап шықты. Аудио-бейнежазба және «Сот кабинеті» ақпараттық сервистерінің қолданылу мәселелеріне аса назар аударды.

Бұдан соң төраға судьялар мен сот қызметкерлерімен кездесіп, кеңес өткізді. Кеңесте талқыланған басты мәселе сот әділдігін жүзеге асыру және сот жұмысының сапасын ода әрі көтеру болды.

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы сұхбат берді

04/10/2017

Қызылорда қаласының № 2 сотының судьясы Сайдуллаев Абдуллажан Сайджаппарұлы Қызылорда қоғамдық телеарнасына «Ұлт жоспарының судья лауазымына үміткерлерді іріктеу механизмі мен біліктілік талаптарын қатайту бойынша қадамын жүзеге асыру шеңбері» тақырыбы бойынша сұхбат берді.

Жалағаш аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

04/10/2017

Жалағаш аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында судья Т.Темірбаевтың, анықтаушы Е.Абдраймовтың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Судья Т.Темірбаев өз баяндамасында қылмыстық процестік кодексінің жаңашылдықтарының бірі тергеу судьясы лауазымының енгізілуі болып табылатынын айтып өтті.

Студенттер сот отырыстарына қатысты

04/10/2017

«Болашақ» университетінің тәжірибеден өтіп жүрген 2 курс студенттері Қызылорда қалалық сотында қаралып жатқан азаматтық істер бойынша ашық сот отырыстарына қатысты.

Аталған іс-шара студенттердің тәжірибеде сот отырысын өткізу тәртібімен, сотқа қатысушы тұлғаларды тыңдау, сот жарыссөздерін өткізу тәртібімен танысуы үшін ұйымдастырылған.

Қатысушы студенттер сондай-ақ, сот отырыстарында дыбыс,-бейне жазу құралдарын қолдану тәртібімен де танысып, түсіндірмелер алды.

Сот борышкерге іздеу жариялау туралы ұсынысты қанағаттандырды

04/10/2017

Арал аудандық сотымен жеке сот орындаушысының кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға алимент төлеуден жалтарып жүрген азамат Е-ге іздеу жариялау туралы ұсынысы қанағаттандырылды.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 45 бабының 1 бөлігіне сәйкес, борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті.

«Тараптарды сотқа шақыру» тақырыбында семинар өтті

04/10/2017

Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі мен сот  қызметкерлерінің қатысуларымен «Тараптарды сотқа шақыру» тақырыбы бойынша   семинар өткізілді.

Семинарда кеңсе меңгерушісі іс бойынша сот отырысына тараптарды, сондай-ақ қатысуға тартылған өзге де адамдарды шақыру қағидасы туралы айтып  берді.

Осы тақырыпты талқылау барысында іске қатысатын адамдарды хабарландыру дұрыстығының қажеттілігі туралы атап өтілді, өйткені тараптарды тиісті түрде хабарландыру сот процестерін қарау үшін негіз болып табылады.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына (C-R-4 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткер

04/10/2017

2017 жылдың 4  қазанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткердің  құжаттарын қарау және әңгімелесуге жіберу  жөніндегі  отырысы  өтті.

Конкурстық  комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген  үміткер: