Архив событий

10/10/2017

Сот шешімімен қарыз сома өндірілді

10/10/2017

Қызылорда облысы  Қармақшы аудандық  сотында банк заем шарты бойынша қарыз сомасын  және мемлекеттік баж өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен  талапкер «Platinum collection» ЖШС-нің талап арызы бойынша  «Альянс Банк» АҚ-ы  мен жауапкер Ш. арасында  94 400 тенге банк  несие қарызын беру келісім шарты жасалғаны анықталды.

Алайда, жауапкер Ш. банкіден алған несие қарызын уақытысында қайтармаған, сондықтан талапкер сотқа талап арызбен жүгінген.

Жалағаш аудандық сотында үш жақты Меморандумға қол қойылды

10/10/2017

Жалағаш аудандық сотында аудандық сот, аудан прокуратурасы және Жалағаш АІІб арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Сот төрағасы өз сөзінде, Асылхан Мизанбаев Меморандум дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының кеңейтуге, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға бағытталғанын айтып, халық арасында бітімгершілік рәсімдерін таратуда өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

Қайталап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

10/10/2017

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Р. қоғамдық орында, яғни автобекет жанында балағат сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған, сөйтіп, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде, қайтадан ұсақ бұзақылық сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған.

Көлік құралын алкагольді масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

10/10/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының  1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша азамат  А. автокөлігін Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі бойында алкагольді масаң күйде басқарған.

Жаңақорған аудандық соты 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

10/10/2017

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Нұрлыбек Қосанов өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әлібек Жарықбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.

Аталған іс-шара барысында төраға Н.Қосанов тілшіге 2017 жылдың 9 айында сотта атқарылған жұмыс жөнінде айтты. 

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурс бойынша (C-R-5 санаты) әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

10/10/2017

2017 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға құжаттарды  қарау және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

 Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген кандидаттар  тізімі:

Жалағаш аудандық сотында 2017 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

10/10/2017

Жалағаш аудандық сотында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы, судья, сот кеңсесінің қызметкерлері және аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі С.Бертаев қатысты.

Баспасөз конференциясында аудандық сотта 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Өзінің әйелін ұрып соққаны үшін жауапқа тартылды

10/10/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.

Азамат А. Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылы, Қарабалаев көшесінде орналасқан үйде әйелі С-ны ұрып, тән ауруына ұшырататын, ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасаған.