Архив событий

16/10/2017

10 жылға бас бостандықтарынан айырылды

16/10/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушылар 38 және 39 жастағы ағайындыларға  қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.

Ағайынды сотталушылар адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз иеленіп, сақтап, тасымалдап, халық денсаулығына қарсы аса ауыр қылмыс жасаған.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

16/10/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен, сотталушы О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы О. жолаушылар подъездында, өзінің іс-әрекетінің бақылаусыз екеніне көз жеткізіп, жәбірленуші Л.-ның құны әрқайсысы 11080 теңге тұратын қармағын және 8310 теңге тұратын спиннинг қармағын жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге жалпы 19390 теңге материалдық шығын келтірген.

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті

16/10/2017

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қармақшы аудандық сотының судьясы Е.Құтыбаев қабылдады.

 «Ашық есік күніне» Жосалы кенті тұрғыны азамат М. келіп, көршісі қарызға ақша алғандығын,  алайда осы күнге дейін  ақшасын бермей жүргенін айтып, сот арқылы қайтарудың жолын түсіндіруді сұрады.

Келушіге заң талаптарына  сәйкес түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап берілді.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

16/10/2017

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Д.Кентбаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында судья Д.Кентбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен қаралған Ә-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Пікір білдіріңіздер!

16/10/2017

Сот беделін көтеру, олардың жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету, Қызылорда облыстық соты судьялыққа тағылымдамадан өту үшін бос орындарға жариялаған конкурсқа кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында төмендегі кандидатты  тұрғындар  назарына  ұсынады. Осы азамат жөніндегі пікірлеріңізді, қосымша ақпараттарыңыз және мәліметтеріңіз болса, облыстық сотқа  «23» қазан 2017 жылға дейін  жолдауларыңызға болады.