Архив событий

25/10/2017

Арал аудандық сотында өзекті мәселелерге қатысты семинар өткізілді

25/10/2017

Жуырда Арал аудандық сотында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Шараға Арал, Қармақшы, Қазалы аудандық және Байқоңыр қалалық соттарының судьялары қатысты. Арал аудандық сотының төрағасы Е.Б.Тұрбаев семинарды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.

Тергеу судьясының өкілеттіліктері талқыланды

25/10/2017

Шиелі аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді.

Шараға Шиелі аудандық сотының судьялары, аудандық прокуратура, заң консультациясының адвокаттары, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары және тергеу бөлімшесінің тергеушілері қатысты.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

25/10/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:
8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail: 724-0202@sud.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Жаңадан тағайындалған аудандық сот төрағалары таныстырылды

25/10/2017

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 20 қазанындағы №564 Жарлығымен тағайындалған аудандық сот төрағаларын таныстыру рәсімі өтті.

Жаңадан тағайындалған төрағаларды таныстыру рәсіміне алқа төрағалары мен судьялар және БАҚ өкілдері қатысты.

Қызылорда облыстық сотының Оқу Орталығының Оңтүстік аймағы бойынша судьялары дөңгелек үстел өткізді

25/10/2017

        Жалағаш аудандық сотында облыстық соттың Оқу Орталығының Оңтүстік аймағы бойынша судьяарының қатысуымен дөңгелек үстел  өткізілді.

         Дөңгелек үстелге Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш, Сырдария аудандық соттарының судьялары, жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі   қатысты.

«Сот кабинеті» сервисін пайдалану тәртібі бойынша брифинг өтті

25/10/2017

        Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв» телеарнасы өкілінің қатысуымен брифинг өтті.

        Шара барысында кеңсе меңгерушісі Б.Махамбетали «Сот кабинеті» сервисінің қызмет түрлерін пайдалану тәртібін түсіндіріп өтті.

Қызылорда қалалық сотында «Сот кабинеті» сервисі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

25/10/2017

          Қызылорда қалалық соты «Сот кабинеті» сервисін қолданушылардың санын ұлғайту, оның ішінде сервисті қолданушыларға «Сот кабинетінің» жаңа мүмкіншіліктерін насихаттау және түсіндіру бойынша шаралар атқаруда.                                                                                                            Осыған сәйкес, Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі сотқа келген арыз берушілерге «Сот кабинеті» сервисі және «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер жөнінде  түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра алкогольдік масаң күйде көлік басқарған

25/10/2017

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің  346-бабының 1-бөлімімен азамат Р.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Р., Жаңақорған аудандық сотының 2015 жылғы қаулысымен  көлік құралын басқару құқығынан үш  жыл мерзімге айырылған. Алайда, ол осыған қарамай,  2017 жылдың қыркүйек айында автокөлігін алкогольдік масаю күйінде  Жаңақорған ауданы, М.Кокенов  көшесінің бойында басқарған.

Орталықтандырылған мұрағат жұмысы талқыланды

25/10/2017

Облыстық соттың Аймақтық оқу орталығымен  Қызылорда облысы соттарында мұрағат жұмысына жауапты қызметкерлер арасында «Қызылорда облысы соттарының орталықтандырылған мұрағаттарымен танысу» тақырыбында семинар сабағы ұйымдастырылды. Семинар Қызылорда облысы соттарының №1 орталықтандырылған мұрағатының ғимаратында өтті.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына (C-R-4 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткер

25/10/2017

2017 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткердің  құжаттарын  қарау және әңгімелесуге жіберу  жөніндегі  отырысы  өтті.

Конкурстық  комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген  үміткер:

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

25/10/2017

Қармақшы аудандық сотында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қармақшы аудандық соты төрағасының м.а. Л.Алибекова, кеңсе менгерушісі Е.Мәтжанов, аудандық прокуратура, ішкі істер органдарының, аудан әкімшілгі,  «Қармақшы таңы» газетінің өкілдері мен кеңсе қызметкерлері қатысты.

Мас күйінде көлік басқарғаны үшін айыппұл салынды

25/10/2017

          Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық терiс қылық нысанындағы сотталушы Қ-ға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы іс  қаралды.

          Сотталушы   Қ.  көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, Қазалы қаласы  Бірлік ауылындағы  тас жолда  автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сотталушы Қ. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқынан 3 жыл мерзімге айыра отырып,  56 725 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.