Архив событий

23/10/2017

Сот қызметкерін құрметті зейнет демалысына шығарып салды

23/10/2017

Қызылорда қаласының № 2 сотының ұжымы ұзақ жылдар бойы сот жүйесінде абыроймен қызмет атқарған сот қызметкері Ұлтуған Түскебайқызы Шабарованы құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Сайдуллаев Ұ.Шабарованың сот саласында ерен еңбегі үшін алғыс айтып, жүрекжарды лебізін білдірді.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

23/10/2017

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігімен (болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу) азамат Е. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот мәжілісінде жәбірленушіге 2500 теңге көлемінде материалдық залал келтірілгені, ұрлаған мүліктің иесіне қайтарылғаны анықталып, сотталушы өз кінәсін мойындаған. 

Тараптар медиация тәртібімен татуласты

23/10/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігімен айыпталған соттлаушы Ғ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ғ. өз үйінде әйелі А-ны оң жақ көзінен, басынан бір рет ұрып, бел тұсынан бірнеше рет теуіп, соңғының денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтірген.

Жалағаш аудандық соты мен «Жалағаш аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

23/10/2017

Жалағаш аудандық сотының төрағасы Асылхан Мизанбаев пен Жалағаш аудандық архиві коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жанғабыл Ибраев өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Салық берешектері өндірілді

23/10/2017

Жалағаш аудандық соты «Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкерлерден көлік құралы салығы бойынша берешектерін өндіру туралы 147 азаматтық іс қарады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы борышкерлерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарламалар жібергенімен, осы уақытқа дейін салық берешектері борышкерлер тарапынан төленбеген.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен Шиелі аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

23/10/2017

Өткен жұмада Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Мөлдір Асанова арнайы іс-сапармен Шиелі аудандық сотында болып, сот мамандары арасында семинар сабағын өткізді.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан үзінді (23.10.2017 ж.)

23/10/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде  Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидат:

 

1).Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық соты  кеңсесінің  жетекші маманы (С-R-5 санаты, 1 бірлік)  лауазымына:

  1. Нуржанов  Айдос  Муратович;

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты өндірістен тоқтатылды

23/10/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. Байқоңыр қаласы Набережная көшесінде «Дружба» техникалық жөндеу бекетінің ғимратында болып, жәбірленушіге К.-ға тиесілі «Мутлу» маркалы аккамулятор батарейді жасырын жымқырған, сөйтіп жәбірленушіге 44025 теңге материалдық залал келтірген.