Архив событий

13/10/2017

Қызылорда облысы соттарының қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьялары арасында семинар өтті

13/10/2017

Қызылорда облыстық сотында қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьяларға арналған семинар өткізілді.

Семинар жұмысына облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Көлік құралын алкогольді масаю күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

13/10/2017

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Көліктегі құқық бұзушылық ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін және де тек жүргізушінің ғана емес, сондай-ақ, өзге де азаматтардың өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп тудыратын едәуір қауіпті әрекет болып табылады.

Сот процессі онлайн режимінде өтті

13/10/2017

Қармақшы аудандық сотында онлайн режимінде скайп бағдарламасы арқылы алимент өндіру жайлы азаматтық іс бойынша сот процесі өткізілді. 

Аталған сот процесіне Қармақшы аудандық сотының судьясы Л.Алибекова төрағалық етті, сот отырысының хатшысы Қ.Есханов, жауапкер Қ. талап қоюшының сенімхат негізіндегі өкілі Г. қатысты.

Қазалы аудандық сотының ұжымы аудандық музейде болды

13/10/2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде, сонымен қатар, сот қызметкерлерінің рухани-мәдени танымын кеңейтіп, патриоттық сана-сезімін арттыру мақсатында Қазалы аудандық соты ауданда орналасқан  Ғ.Мұратбаев атындағы музей кешеніне экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Ғ.Мұратбаев атындағы музей қызметкерлері жасындай жарқылдап өткен біртуар тұлға Ғ.Мұратбаевтың өмірі туралы тың деректерді айтып, музейге қойылған экспонаттармен таныстырды.

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс бойынша брифинг өткізілді

13/10/2017

Жаңақорған аудандық сотында жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Самат Әбдіштің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы Бақытбек Елшібеков Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат А.-ға қатысты ақпарат берді.

Құқық бұзушы А. Жаңақорған ауданы, Аманкелді көшесінің бойында, темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орнын ластап, ұсақ бұзақылық іс әрекет жасаған

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

13/10/2017

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды қалалық соттың төрағасы Мұхтар Еркінбеков қабылдады.

«Ашық есік күніне» «Болашақ» университетінің 2-ші курс студенттері  келіп, сотта жұмыс жасау үшін қандай білім алу қажет екендігін, судья болудың тәртібі қандай екенін сұрады және басқа да сот жүйесіне қатысты сан-қилы сұрақтар қойылды.

Келушіге заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап берілді.