Архив событий

19/10/2017

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі және «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

19/10/2017

          Бүгін Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Мөлдір Асанова мен «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Джумадиллаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

         Рәсімге Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, бөлім басшылары және қала орталығында орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жарияланады

19/10/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:
8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail: 724-0202@sud.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Соттар әкімшісінің басшысы семинар-тренинг өткізді

19/10/2017

       Бүгін Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің   басшысы  А.А.Жұмамұратов  Қазалы ауданында  іссапармен болды.

       А.Жұмамұратов сот  кеңсесінің  қызметкерлерімен кездесіп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларына  сай болуын айтып, сондай-ақ әрбір адамның  жеке бас қасиетіне  қатысты психологиялық  тұрғыда кеңестермен бөлісіп, нақты мысалдар келтірді.

      Шара барысында Соттар   әкімшісінің басшысы сот қызметкерлерінің жұмыс барысында туындаған сауалдарын тыңдап, оларға тиісінше жауаптарын берді.

Мал ұрлаған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/10/2017

Қызылорда қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 1,2 тармақтарымен  сотталушылар К-мен С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, сотталушылар К.мен С. 2017 жылы сәуір-шілде аралығында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған.

Басты сот талқылауында сотталушылар К мен С. өз кінәларын мойындады.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурс бойынша (C-R-5 санаты) әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

19/10/2017

 2017 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға құжаттарды  қарау және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

  Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген кандидаттар  тізімі:

"Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар" тақырыбында брифинг өтті

19/10/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Г.Искакова жергілікті баспасөз өкілдерінің қатысуымен сот өндірісінде қаралған жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өткізді.

Көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

19/10/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат М.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша азамат М. автокөлігін Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы, З.Мусаханов көшесі бойында алкогольді масаң күйде басқарған, яғни Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Қармақшы аудандық соты 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді

19/10/2017

Қармақшы аудандық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы Алибекова Лаураның жүргізуімен, «Қармақшы таңы»  газетінің өкілдерінің қатысуымен аудандық соттың 2017 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы баспасөз конференциясы өтті.