Архив событий

18/10/2017

Қазалы аудандық сотының ұжымы аудандық соттың төрағасы Қ.Темірбаевты құрметті зейнет демалысына салтанатты түрде шығарып салды

18/10/2017

         Бүгін Қазалы аудандық сотында аудандық соттың төрағасы Қайыргелді Темірбаевты құрметті зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті.

         Шараға аудандық соттың судьялары мен қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, құқық қорғау, адвокатура  органдарының басшылары, аудан әкімінің орынбасары және аудандық жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының, «Серік тв» телеарнасының  өкілдері  қатысты.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

18/10/2017

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сырдария аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

18/10/2017

Сырдария аудандық сотында 2017 жылдың 20 қазан күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

18/10/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307- бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С. Әйтеке би кентінде ойын мекемесін заңсыз ашып, белгіленген құмар ойын түрін нақты ақшаға ойнатып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырған.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

18/10/2017

2017 жылдың 3 қарашада, сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

«Ашық есік күні» қосымша ақпараттар алу үшін 55-98-51 телефон номеріне хабарласуға болады.

Судьяға алғыс білдірілді

18/10/2017

Қызылорда облыстық сотының поштасына «КазРос-мұнай» ЖШС директоры К.Ж.Дабысов пен өкілі К.Б.Абашевадан Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Б.Еламановтың атына алғыс хат келіп түсті.

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс бойынша брифинг өткізілді

18/10/2017

Жаңақорған аудандық сотында жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әлібек Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы Бақытбек Елшібеков Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген  құқық бұзушылық жасаған азамат А.-ға қатысты ақпарат берді.