Сот қолхат бойынша қарыз сомасын төлеуді міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Е-ден қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер Е. 2017 жылдың 7 наурызында талап қоюшы А-дан наурыз айының аяғына дейін қайтаратын болып, 150 000 теңге қарызға ақша алған. Бірақ, талап қоюшының бірнеше мәрте сұрағанына қарамастан, жауапкер қарыз ақшасын қайтармаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272 бабының талабына сәйкес, міндеттеме-міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.

Сот аталған істі тараптарды шақырмай оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарап, талапты толықтай қанағаттандырды. 

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі