Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық Достық үйінде «Қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық Достық үйінде «Қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті

Іс-шараға  аудандық соттың төрағасы А.Абдулла,  судья Ж.Жолдасов, аудан прокурорлары А.Тәженов, С.Темірханов, АІІБ-нің бастығы Е.Сағидуллаұлы, АІІБ-нің ЖПҚ бастығының орынбасары Н.Қасымханов, адвокат Қ.Жаппасбаева, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы А.Сақыбеков және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі Б.Ордабеков қатысты.

Дөңгелек үстелді төраға Абдулла Абдрахман ашып, шараның мақсаты қылмыстық іс жүргізуді одан әрі ізгілендіру, келісімдік іс жүргізуді кеңінен қолдану, жеделдетілген іс жүргізуде тергеудің сапасын арттырып, азаматтардың құқығын қорғау, әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтар мен өзге заң бұзғандарға сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында құқықтық көмек  көрсету  мәселелерін  жетілдіру  болып  табылатындығын  айтып өтті. Сонымен қатар, ол өз сөзінде Елбасы тапсырмасына сай елімізде қылмыстық іс жүргізуді модернизациялау және құқық қорғау жұмысын жақсарту мәселелері көзделіп отырғанын жеткізді. Осыған байланысты қазіргі таңда қылмыстық іс жүргізуге қатысты заң жобалары әзірленіп, талқылану үстінде. Бұл заң жобаларында сотпен санкция берілмеген тұлғаларды ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту, қылмыстық сот ісін жүргізуде айыптау және қорғау тараптарының жарыспалығы мен тең құқылығы қағидаттарын арттыру мақсатында тараптардың құқыларын теңестіре отырып, мәліметтер мен дәлелдемелермен алмасу, және қылмыстық теріс қылық және онша ауыр емес санаттағы қылмыстық істер бойынша белгілі бір негіздерде бұйрықтық іс жүргізу мәселелері көзделгенін атап өтті.

Шара барысында судья Ж.Жолдасовтың «2017 жылғы 3 шілдеде құқық қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы», прокуротура өкілі С.Темірхановтың «Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық бағыттарының бірі ретінде 2020 жылға дейін қылмыстық саясатты ізгілендіру», АІІБ-нің ЖПҚ-ның бастығының орынбасары Н.Қасымхановтың «Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру жоспары бойынша әкімшілік заңнаманы ізгілендіру» және Сырдария аудандық пробация қызметінің аға инспекторы А.Сақыбековтың «Ізгілендіру қылмыстың көбеюіне жол ашатын фактор емес» тақырыптарында баяндамалары тыңдалды.

Шара соңында қатысушылар баяндамаларды талқылай  келе  өз пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсынымдар қабылдады.     

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан