Қызылорда облысының Арал аудандық сотында бір күнде партисипативтік рәсім тәртібімен 7 азаматтық іс аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында бір күнде қарыз сомаларын және материалдық шығын өндіру жөніндегі 7 азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен қаралып, аяқталды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодексінің 181 бабының 1 бөлігінде, тараптар осы кодекстің 179 бабында көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы делінген. Бұл жаңашылдық дауларды жедел түрде шешуді жеңілдетеді.

Аталмыш істерді қарау барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.

Партисипативтік келісімдердің шарттары бойынша жауапкер тарап талапты мойындап, бір ай мерзім ішінде қарыз сомаларын төлеуге міндеттенген, ал талап қоюшы тарап осы партисипативтік келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімдерін берген. Партисипативтік келісімдерді тараптардың адвокаттары қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.

Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы тараптар адвокаттарымен жасалған келісімнің заңға қайшы келмейтіні, келісім шарттарының орындалуы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтыны ескеріліп, келісімдер сот ұйғарымдарымен бекітіліп, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылған. Талап қоюшыларға төленген мемлекеттік баж алымдары қайтарылған.

Мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасы Судьяларының VII съезінде сотқа дейінгі даулар институтын кеңінен енгізу жөнінде тапсырмалар берілгені белгілі. Осыған орай, Қызылорда облысының Арал аудандық сотымен татуластыру рәсімдерін дамыту үшін мақсатты түрде жұмыстар  жүргізілуде. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар оң нәтижесін көрсетіп, сот даулары бойынша партисипативтік рәсім тәртібімен шешімін тауып жатқан істер  саны артып келеді.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі