Архив событий

27/03/2017

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасының қатысуымен брифинг өткізілді

27/03/2017

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігін қолдану барысы туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы екендігі белгіленген.

Баспасөз үйлестірушісі судья облыстық телеарнаға сұхбат берді

27/03/2017

Шиелі аудандық сотының судьясы, баспасөз үйлестірушісі А.Тубекбаева облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасына 2016 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бас жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының қолданылу тәжірибесіне қатысты сұхбат берді.

Сырдария аудандық соты баспасөз конференциясын өткізді

27/03/2017

Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла аудандық сотының 2017 жылдың 2 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.

Сот төрағасы А.Абдулла аудандық сотында қаралған істердің стаистикалық мәліметтеріне тоқталып өтті.

Аудандық сотта «Пробация туралы» Заңын қолдану мәселелері талқыланды

27/03/2017

Қармақшы аудандық сотында аудандық сот судьяларының, пробация қызметі, аудандық ішкі істер бөлімі, прокуратура қызметкерлерінің, заң кеңсесінің адвокаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңын қолдану мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел  өткізілді.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

27/03/2017

Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Е» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

«Е» ЖШС-нің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының осы жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 8 416 878 теңгені құраған.

Сот есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салды

27/03/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан азамат К-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, «Арал-Шеп» бекетінде полиция қызметкерлерімен жолаушылар автобусында жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында, азамат К-дан полиэтилен пакетке оралған, ішінде салмағы – 6,73 гр. кептірілген «марихуана» болатын есірткі заттары бар, орамдар табылып алынған, яғни ол есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.