Архив событий

06/03/2017

Жеке айыптау істерін сотқа жолдау тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06/03/2017

Қызылорда  қаласының №2  сотында «Жеке айыптау істерін сотқа жолдау»  тақырыбында  дөңгелек  үстел  өтті.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы А.Әбу, судьялар К.Кусекеев, А.Сұлтанбеков, Б.Жаңабаев, кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова, қала прокурорының орынбасары Е.Бегімбаев, бөлім прокуроры С.Сыздықов, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының  тергеу бөлімінің орынбасары  М.Алиев,  Қызылорда ІІБ-ның анықтау бөлімінің бастығы Б.Қаппар қатысты.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

06/03/2017

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты және шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабының 1-бөлігімен қаралған А-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

06/03/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже» тақырыбында брифинг өткізілді.

Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді

06/03/2017

Сырдария адандық сотының төрағасы А.Абдулла аудандық «Тіршілік тынысы» газеті тілшісінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізді.

Денсаулыққа жеңіл дәрежедегі зиян келтіргені үшін қылмыстық жазаға тартылды

06/03/2017

Қармақшы аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен азамат Б-ға қатысты қылмыстық  іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жеке айыптаушы А. жеке айыптау тәртібімен азамат Б-ны ҚР ҚК-нің 108-бабында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағаны, яғни өзіне дене жарақатын салғаны үшін оны қылмыстық жауапқа тарту туралы сотқа арыз берген.

Сот үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен кінәлі деп танылып, оған 25  айлық  есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Қызылорда қалалық сотында іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

06/03/2017

Азамат М. сотқа жауапкер «Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 3 008 500 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар өзара келісімге келіп, талапкер жауапкермен табысуына байланысты өз талабынан бас тартты, атап айтқанда, жауапкер шығындарын толығымен мойнына алып, соған сәйкес талапкер талабынан бас тартты.

Тараптар соттан медиация тәртібімен бітімгершілік келісімді бекітуді сұраған.

Мемлекеттік сот орындаушының ұсынысы қанағаттандырылды

06/03/2017

Қармақшы аудандық сотында аудандық аумақтық сот орындаушылар бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысының лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу жөнінде ұсынысы қаралды.

Іс құжаттарына сай, борышкер К-нің алимент бойынша қарызы 903 468 теңгені құрайды.

Процессуалдық келісімге келулеріне байланысты іс қысқартылған тәртіпте қаралды

06/03/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3 бөлігінің 2 тармағымен азамат Т-ға қатысты қылмыстық іс, жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік кодексінің талабында көзделген тәртіпте қаралды.