Архив событий

14/03/2017

Сотта «Ашық есік күні» өткізілді

14/03/2017

2017 жылдың 13 наурыз күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

«Ашық есік» күні келген қала тұрғынын сот төрағасы С.Сүлеймен қабылдады.

Сотқа келген Қызылорда қаласының тұрғыны А. өзін толғандырып жүрген сұрағын қойды. Ол осы соттың үкімімен сотталған баласына қатысты үкім көшірмесін, апелляциялық алқасының сот актісінің көшірмесін қалай алуға болатынын сұрады.  Бұл сұраққа сот төрағасы толыққанды жауап берді.

Қармақшы аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттің өзекті міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

14/03/2017

10 наурыз 2017 жылы Қармақшы аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Л.Алибекова құқық қорғау органдары мен жергілікті уәкілетті мекемелер арасында  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттің өзекті міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

14/03/2017

Жалағаш аудандық  сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Шараға аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, судья Т.Темірбаев, аудандық прокуратура, адвокатура, әділет басқармасы өкілдері және сот ұжымы қатысты.

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

14/03/2017

2017 жылдың 10 наурызында Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы А.Әбу қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Семинар өкізілді

14/03/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызметкерлер арасында «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу қағидаларын бекіту бойынша» өкімін талқылау туралы семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі М.Асанова толықтыруларға сәйкес: сот мәжілісінің  хатшысы талап арызды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап арыздың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жіберетінін атап өтті.

Сотта брифинг өткізілді

14/03/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Брифингте есірткі затының сіріңке қорабын 2000 теңгеден сатқан сотталушының Т-ның үйін тінту барысында жуынатын бөлмеден аса ірі мөлшердегі есірткі заты (кептірілген марихуана) табылған қылмыстық іс бойынша төраға БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік ескерту жасалды

14/03/2017

Арал аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот талқылауы барысында, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, Арал аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылып, ол бойынша құқық бұзушыға жанұя мүшелеріне қатысты қандай да бір жан немесе тән азабын келтіретіндей әрекеттер жасауға тыйым салынғаны анықталған.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

14/03/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы  Ұ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Ұ. Тереңөзек кенті Тоқтыбаев көшесінің бойына  коммуналдық қалдықтарды, яғни  қорасынан шыққан қоқысты белгіленбеген орынға төгіп, ортақ пайдалану орнын ластағаны анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы Ұ. өзінің кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген.

Рақымшылық заңын қолданып қылмыстық іс қысқартылды

14/03/2017

Байқоңыр қалалық сотында сотталушы С-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы С. жасырын түрде жәбірленушінің үйінен алтындарын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған. Нәтижесінде жәбірленушіге жалпы құны 179 180 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сотпен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

14/03/2017

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, құқық бұзушы К. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Ақпараттық хабарлама

14/03/2017

2017 жылдың 16 наурызда сағат 10:00 ден 12:00 аралығында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетіндігін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күніне» тілек білдіруші барлық қала тұрғындары қатысып, сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сот  төрелігінің  қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Әкімшілік іс сот өндірісінен тоқтатылып, уәкілетті орган қызметкерлеріне қатысты жекеше қаулы қабылданды

14/03/2017

Азамат Е. Шиелі кенті Жүргенов көшесі бойында масаң күйде қоғамдық имандылыққа және адамдық қадір-қасиетіне нұсқан келтіретіндей жағдайда, яғни масаң жүрген деген негізде Шиелі АІІБ-нің қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып,   сотқа жолданған.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік қызметкерлер аттестациядан өтуде

14/03/2017

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес, «Б» корпусының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациядан өткізудің қағидалары бекітілген болатын.

Аттестация жеке құзыреттерді бағалайтын тест өткізу және әңгімелесуден өту кезеңдерін қамтиды.