Архив событий

02/03/2017

Мемлекеттік қызметшінің жағымды бейнесі

02/03/2017

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады.

Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда – мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады.

Журналистер назарына! Байқауға жұмыстар қабылдануда!

02/03/2017

ҚР Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда облыстық соты журналистер арасында «Сот репортері» байқауы өткізіліп жатқанын назарларыңызға саламыз.

Жыл сайын дәстүрге айналып, өткізіліп жүрген байқауға 2017 жылдың 1 қаңтарынан 20 маусым аралығында БАҚ беттерінде жарияланған мақала, очерк, сұхбаттар, көрсетілген бейнесюжеттер мен телебағдарламалар қазақ және орыс тілінде қабылдануда.

Қарыз сомасы өндірілді

02/03/2017

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы «М» ЖШС-нің жауапкер К-ден микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз сомасын және мемлекеттік бажды өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

«М» ЖШС-гі сотқа талап қою арызымен жүгініп, онда 09.09.2016 жылғы Микрокредит беру туралы шарт бойынша жауапкер К-ден микрокредит 226 537,59 теңге қарызын және 6505 теңге сот шығынын өндіруді сұраған. Соттың шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылып, жауапкерден қарыз сомасы және мемлекеттік баж алымы өндірілді.

Жол жүрісі қағидасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

02/03/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Қ. өз басқаруындағы автокөлігімен, Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесінің бойында, жол бөлігінің қарама-қарсы бағытына шығып басқарып, ҚР Жол жүрісі Қағидасының 9-бөлігінің 2-тармағының талаптарын бұзған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Қ. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

02/03/2017

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Қ.Адранов, Қызылорда қалалық соты судьяларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған іс шараларды іске асырылуы бойынша жедел кеңес өткізді.

Жедел отырыста алқа төрағасы Қ.Адранов соттың 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында жасалған жоспарындағы іс-шараларды іске асыру барысына тоқталды.

Масаң күйінде көлік жүргізіп, материалдық шығын келтірген әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

02/03/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік-ТВ» телеарнасы өкілінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья М.Оспанов жүргізді.

Шара барысында судья М.Оспанов ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат А-ның әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.       

Азамат А. өз басқаруындағы көлік құралымен бағыттас келе жатқан азаматша С-ның  басқаруындағы көлік құралына алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде соғып, жәбірленушіге материалдық залал келтірген.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

02/03/2017

Шиелі аудандық сотында азамат  Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Әділет департаментінің Шиелі аудандық аумақтық бөлімі аға сот орындаушысымен азамат Ж-ға қатысты Шиелі аудандық сотының М-ның пайдасына кәмелетке толмаған баласына алимент төлемегендіктен, кәмелеттік жасқа толғанға дейiн ай сайын ¼ мөлшерінде тапқан табысының барлық түрлерінен төлеуге міндеттелгені туралы бұйрығын орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Сот отырысында азамат Ж. кінәсін мойындап, алимент төлемегенін көрсетті.

Үкім жарияланды

02/03/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 37 жастағы сотталушы А-ға қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.

Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын өткізу  барысында  сотталушы А. есірткі затын (1710 грамм кептірілген марихуана) арнайы дайындалған адамға сату кезінде ұсталған.

Қызылорда қалалық сотында семинар өтті

02/03/2017

Қызылорда қалалық сотының кеңсе қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын талқылауға арналған семинар өтті.

Семинар барысында Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Кульманова кеңсе қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілердің заңын, еңбек тәртібін сақтау туралы талқылау өткізілді.

Ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

02/03/2017

Байқоңыр қалалық сотында азаматша М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-материалдарынан анықталғандай, құқық бұзушы М. 2006 және 2007 жылы туылған кәмелеттік жасқа толмаған балалардың анасы бола тұра, қыздарына ата-аналық тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттемелерін орындамаған, яғни қыздары 14.12.2016 жылдан бастап 13.01.2017 жылға дейін белгісіз себептермен оқуға бармаған.

Есiрткi заттарын заңсыз сақтағаны үшін 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

02/03/2017

Шиелі аудандық сотында азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Шиелі кенті Сейфуллин көшесінің бойында аудандық АІІБ-нің полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс шаралар жүргізу кезінде азамат А. ұсталып, куәгерлердің қатысуымен жеке тінту барысында, одан, салмағы 0,93 грамм есірткі заты – марихуанна табылған.

Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасы жауапкершілікке тартылды

02/03/2017

Арал аудандық сотында азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С-ның кәмелетке толмаған баласы заңды өкілінің ертіп жүруінсіз түнгі сағат 23.00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерде жүрген, яғни құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 819 бабының 2 бөлігі басшылыққа алынып, 22270 теңге көлемінде айыппұл салынды.