Архив событий

10/03/2017

«Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

10/03/2017

2017 жылдың 16 наурызында, сағат 16:00-ден 18:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

10/03/2017

Шиелі аудандық сотында «Шарайна-Сейхун» газеті тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың  судьясы А.Тубекбаева Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотталушы С-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Жалағаш аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

10/03/2017

Жалағаш аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық прокуратура, мемлекеттік органдар өкілдері және сот ұжымы қатысты. 

«ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

10/03/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары арасында «ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сот төрағасы А.Дәуренбеков Азаматтық процестік кодекстегі заңнамалық өзгертулер Жоғарғы Сотпен Бүкіл Әлемдік Банктің халықаралық сарапшыларымен бірлесе отырып әзірленгенін айта отырып, сөз кезегін баяндамашы оқу бағдарламаларының үйлестіруші судья М.Сарсеновке берді.

Заманауи ақпараттық технологиялары

10/03/2017

Сырдария аудандық сотының баспасөз-хатшысы М.Асан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

Іс-шарада М.Асан заманауи цифрлық электронды технологиялардың бүгінде еліміздегі қоғам өмірінің барлық саласында кездесетінін, электронды технологияларды сот жүйесіне кеңінен енгізу бүгінгі таңда қарқынды, мақсатына сай және тиімді түрде жүргізілуде екендігін, сот жүйесін және сот талқылауларын модернизациялау қарқын алып келетінін атап көрсетті.

Көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы сот бұйрығы

10/03/2017

Арал аудандық сотымен Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ-нің борышкер У-дан көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, мемлекеттік кірістер басқармасымен борышкерге  салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама берілгенімен,  салық берешегі өтелмеген.

Сот шешімін орындамағаны үшін жазаға тартылды

10/03/2017

Байқоңыр қалалық соты азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Азамат Қ. қалалық соттың кәмелетке толмаған екі баласына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған. Борышкердің қарызы 2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдан ақпан айына дейін 224 555 тенге құраған.

Сот отырысында кінәсін мойындап, жұмыссыздығына байланысты алимент төлей алмағанын көрсетті.

Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

10/03/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер А-дан берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы Н. талап арызында, жауапкер А-дан 600 000 теңге көлемінде берешек қарызын өндіруді сұраған.

Сотта тараптармен кәсіби медиатормен бекітілген дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісім ұсынылды.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

10/03/2017

2017 жылдың наурыз айының 13 жұлдызында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі №29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почтасы арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.