Архив событий

07/03/2017

Облыстық сотта Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті

07/03/2017

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиналыс өтті.

Мерекелік шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушы Қайрат Адранов, алқа төрағасы, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, отставкадағы судьялар, облыстық соттың соттар әкімшісі басшылығы және бөлім басшылары, сот қызметкерлері қатысты.

Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады

07/03/2017

7 наурыз 2017 жылы  Қазалы аудандық сотының ерлер ұжымы 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен осы ұжымның нәзік жандарын құттықтады.

Іс-шарада аудандық соттың төрағасы Қ.Темірбаев көктемнің шуақты күнімен қатар келген мерекемен құттықтай отыра, жақсы көңіл-күй, алға қойылған барлық жоспарлардың орындалуын, жұмыста үлкен жетістіктерге жетуді және де денсаулық пен табыс тіледі.

Ювеналды соттың ұжымы әйелдерді мейрамдарымен құттықтады

07/03/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері әйелдерді халықаралық 8 наурыз мейрамымен құттықтады.

Шара барысында төраға міндетін атқарушы Қ.Бержанов әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік-береке, қызметте өрлеу, баянды бақыт тіледі, арнайы сыйлықтары мен гүлдерін табыс етті.

Мерекелік құттықтау

07/03/2017

7 наурыз 2017 жылы мереке қарсаңында Арал аудандық сотының ерлер ұжымы ұжымдағы әйелдер қауымын көктемнің айтулы мерекесі 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Шара барысында аудандық соттың төрағасы Е.Тұрбаев ұжымдағы әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік-береке, қызметте өрлеу, баянды бақыт пен әсемдік тіледі! 

Сондай-ақ, аудандық сотқа мерекеге байланысты мекемелерден түскен құттықтаулар мен хаттарды оқып берді.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады

07/03/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жігіттер қауымы 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен осы ұжымның нәзік жандарын құттықтады.

Сот төрағасы А.Дауренбеков 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отыра, жақсы көңіл-күй, алға қойылған барлық жоспарлардың орындалуын, жұмыста үлкен жетістіктерге жетуді және де денсаулық пен табыс тіледі.

Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады

07/03/2017

7 наурыз 2017 жылы  Сырдария аудандық сотының жігіттер қауымы 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен осы ұжымның нәзік жандарын құттықтады.

Іс-шарада аудандық соттың төрағасы А.Абдулла көктемнің шуақты күнімен қатар келген мерекемен құттықтай отыра, жақсы көңіл-күй, алға қойылған барлық жоспарлардың орындалуын, жұмыста үлкен жетістіктерге жетуді және де денсаулық пен табыс тіледі.

Қызылорда қалалық сотында Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті

07/03/2017

7 наурыз 2017 жылы мереке қарсаңында, Қызылорда қалалық сотының ерлер ұжымы ұжымдағы әйелдер қауымын көктемнің айтулы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Шара барысында қалалық сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова ұжымдағы әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік-береке, қызметте өрлеу, баянды бақыт пен әсемдік тіледі!

Қызылорда қалалық №2 соты ұжымды 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады

07/03/2017

2017 жылдың 7-ші наурызында Қызылорда қаласының №2 сотының  төрағасы және судьялары ұжымның қыз-келіншектерін табиғаттың оянуымен бірге келіп отырған көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, сыйлықтар тарту етіп, отбасыларына береке, мол бақыт, денсаулық, қызметтеріне абырой, табыс және сәттілік тілеп,  құттықтау сөзін арнады.

 

Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

07/03/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасы  өкілінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья Қ.Т.Мыханов жүргізді.

Шара барысында судья Қ.Т.Мыханов Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат М-ның әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Азамат М.  Қазалы ауданы Ғ.Мұратбаев ауылының сыртында, далалық жерде ішкі істер органдарына тіркелмеген тегіс ұңғылы қос ауызды аңшы мылтығын және патрон мен гильзаны заңсыз алып жүріп, тасымалдаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл тағайындалды

07/03/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушы Н-ға қатысты әкімшілік ісін қарады.

Құқық бұзушы Н. компьютерлік клубының администраторы бола тұра, кәмелетке толмаған Р-ға түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын сауық орталығында болуына жол берген.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындап, алдағы уақытта құқық бұзушылықтарға жол бермейтінін көрсетті.

Ірі мөлшерде жасалған ұрлық оқиғасы бойынша брифинг өтті

07/03/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасы өкілінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья М.Оспанов жүргізді.

Шара барысында судья М.Оспанов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотталғандар Қ. және А-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сыйламаушылық көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

07/03/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Б. ағасына сыйламаушылық көрсетіп, отбасындағыларға былапыт сөйлеп, жанжал шығарып, отбасының тыныштығын бұзып, тұрмыстық заттарды шашып, үйдің терезесін сындырып, бүлдірген.

Соттың қаулысымен Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі жаза қолданылды.

Полиция қызметкерінің талабын орындамағаны үшін 2 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

07/03/2017

Арал аудандық сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат У. көлік құралын басқарып, бекітілген тәртіппен алкогольді масаю күйіне куәландырудан өту жөніндегі полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған.

Құқық бұзушының кінәсі іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауаптарымен дәлелденген.

Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жаза тағайындалды

07/03/2017

Қазалы аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат С., өзінің басқаруындағы автокөлігімен жаяу жүргінші А-ға соғып, жол көлік-оқиғасын жасап, нәтижесінде А. «жеңіл» дене жарақатын алған, сондай-ақ  өзі қатысушы болып табылған жол-көлік оқиғасы болған жерден қасақана кетіп қалған.

Жол жүрісі қағидасын сақтамаған полиция қызметкеріне әкімшілік айыппұл салынды

07/03/2017

ҚІІБ-ның ЖПҚ-ның полиция қызметкері М. қызметтік автокөлігін Қызылорда қаласы Ы.Жахаев көшесімен басқарып келіп, Жол жүрісі қағидасының 13-бөлімінің 14-тармағы талаптарын сақтамай, көшелер қиылысында кері бұрылу барысында қарсы бағыттағы жол бойымен тіке қозғалыс жасап келген «Lexus» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне жол бермей соқтығысып, оған материалдық шығын келтірген.