Архив событий

09/03/2017

«Ашық есік күні» өткізілетіні хабарланады

09/03/2017

\Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында 2017-жылдың 17 наурыз күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін "Ашық есік күні" өткізіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды  сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты қатысты сұрақтарымен Шиелі аудандық сотының төрағасы қабылдайды.

Дауды медиация тәртібімен реттеу пилоттық жобасы жүзеге асырылуда

09/03/2017

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба іске қосылды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Қ.Бержановтың төрағалық етуімен талап қоюшы А-ның жауапкер Д-дан кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен-жайын белгілеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

09/03/2017

Арал аудандық сотында азамат Д-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Д. өз үйінде жанжал шығарып, әкесіне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

09/03/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судьялардың, сот орындаушылардың және ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Соттың үкімін, соттың шешімін немесе басқа да сот актілерін және атқару құжаттарын орындамау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Талап арыз қанағаттандырылды

09/03/2017

Талапкер К. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда жауапкер  А-мен  заңды  некеге  тұрмастан  жанұялық  қатынаста  болғанын, одан егіз ұл балалар туылғанын, жауапкер осы уақытқа дейін балаларын  көрмегенін, оларды  асырап  бағуға  материалдық  көмек  бермей  отырғанын көрсетті, сондықтан кәмелетке толмаған балдарына қатысты әкелікті анықтауды  және алимент  өндіруді  сұрады.

Тараптар жеке айыптау ісі бойынша татуласқан

09/03/2017

Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына және ауырлығына қарай қылмыстық қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы және жариялы тәртіппен жүзеге асырылады.

Сырдария аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен қозғалған азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен 8 жылға сотталды

09/03/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айыпталған 67 жастағы сотталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі жарияланды.

Жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл тағайындалды

09/03/2017

Жаңақорған аудандық сотымен азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, азамат Ж. Жаңақорған кенті Әлшекей көшесінің бойында өзінің басқаруындағы автокөлігімен келе жатып, басқару жүйесіне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан жәбірленуші Р-ның басқаруындағы автокөлігіне соғып, материалдық залал келтіргені анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы А. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Алимент өндіру жайлы сот бұйрығы шықты

09/03/2017

Арызданушы Қ. алимент өндіру жайлы берген арызында борышкер А. екеуі 2014 жылы заңды некеге тіркелгендерін, осы некеден араларында бір баласы бар екенін көрсеткен.

Борышкердің бүгінгі таңда бөлек тұрып жатқанын және оның өз еркімен баласын асыраудан бас тартып отырғандығын көрсетіп, арызданушы соттан баласын асырау үшін борышкерден алимент өндіріп беруді сұраған.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды

09/03/2017

Талапкер Б. жауапкер М-мен арадағы некені бұзу туралы талап арызы мен Байқоңыр қалалық сотына жүгінді.

Талап арызға сәйкес, тараптар 2007 жылдан бастап заңды некеге тіркелген, аталған некеден 2010 жылы туылған ортақ балалары бар. Неке қатынастары 2015 жылы тоқтаған, ортақ шаруашылық жүргізілмейді. Талапкер бұдан әрі отбасын сақтап, бірге өмір сүру мүмкін емес деп есептейді, мүлікті бөлу туралы даулары жоқ.

Сот отырысында талапкер Б. талап арызын қолдап, қанағаттандыруды талап ететінін айтты.

Қоғамдық жұмысқа тартылды

09/03/2017

Жалағаш аудандық сотында азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, полиция қызметкерлерімен Жалағаш кенті Үркімбаев көшесі бойында Б-ны тексеру кезінде, оның сыртқы киімінің қалтасынан газет қиындысына салынған жалпы салмағы 0,8 грамм кептірілген марихуана есірткі заты табылып, оны өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны анықталған.