Архив событий

29/03/2017

Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

29/03/2017

Шиелі аудандық сотында облыстық «Қазақстан Қызылорда» телеарнасының тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың төрағасы М.Еркінбеков Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған  сотталушы О-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Арал аудандық сотында брифинг өткізілді

29/03/2017

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік билік институтына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында  брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Д.Мұратбекұлы мемлекеттік билік институтына қол сұғатын, жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға тоқталды.

Осындай құқық бұзушылықтардың бірі Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген, сот үкімін, сот шешімін, өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау болып табылады. 

Сотта гендерлік теңдік бойынша дөңгелек үстел өткізілді

29/03/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьясы А.Сабыров, Қызылорда қалалық прокуратурасының прокурорлары С.Темірбекова, А.Алимбаев, ҚІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі А.Молдахожаева, кеңсе меңгеруші Қ.Сарсенбаева  және сот қызметкерлері қатысты.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

29/03/2017

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова Қызылорда қалалық сотының судьялары және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізді.

Жедел отырыста судья сот мұрағатының жұмысына және қаралып аяқталған азаматтық істердің сот кеңсесіне өткізілу барысына тоқталды.

Сондай-ақ, Қызылорда облыстық сотымен жасалған тексеру қорытындысы талқыланып, ондағы көрсетілген кемшіліктерді жою мақсатында атқарылуы тиіс негізгі іс-шаралардың орындалуы нақтыланды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жаза тағайындалды

29/03/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Ж. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған, яғни Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармағын қасақана бұзған.

Сот қаулысымен азамат Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшін енген жоқ.

Сотпен қарыз сомасы өндірілді

29/03/2017

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы «К» ЖШС-нің жауапкер Р-дан микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз сомасын және мемлекеттік бажды өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

«К»  ЖШС-і сотқа талап қою арызымен жүгініп, онда 07.07.2016 жылғы микро кредит беру туралы шарт бойынша жауапкер Р-дан микрокредит 181 686 теңге қарызын және сот шығынын өндіруді сұраған.

Соттың шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылып, жауапкерден қарыз сомасы және мемлекеттік баж алымы өндірілді.

Қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі шығарылды

29/03/2017

Қазалы аудандық  сотында жеке айыптау ісі бойынша сотталушы Г-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.        

Сотта жекеше айыптаушы Ә. өзінің тұрғылықты үйіне азаматша Г. баса көктеп кіріп, балағат сөздер айтып, айқай-шу шығарғаны үшін оған қылмыстық іс қозғалғандығын көрсетті.

Сот медиациясы тәртібінде дауды шешу келісімі бекітілді

29/03/2017

Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Е. жауапкер Ж-дан 500 000 теңге көлемінде қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекітіп беру туралы сотқа арыз келтірді.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бойынша талап қоюшы Е-ге қарыз сомасын төлеу мерзімін 24 наурыз 2018 жылға дейін кейінге қалдыруға міндеттеме алған.

Талап арыз қанағаттандырылды

29/03/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер «Арқалық қаласы білім бөлімінің» жауапкерді ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызын толығымен қанағаттандырды.

Медиация тәртібімен қылмыстық іс қысқартылды

29/03/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ж-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ж. Арал қаласы, Сапақ би көшесінің бойында, жәбірленуші А-ның ұялы телефонымен сөйлесіп тұрғанын көріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқыру мақсатында, оның ұялы телефонын ашықтан-ашық тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Борышкерлерден ортақтасқан түрде несие қарызы өндірілді

29/03/2017

Сырдария аудандық сотында талап қоюшы «KMF» ЖШС-нің жауапкерлерден несие қарыз сомасын және мемлекеттік баж өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 12016 жылы «KMF» ЖШС-мен жауапкерлер Г. және А. арасында банктік кепіл шарты жасалған, осыған сәйкес жауапкерге 12 ай мерзімге, жылдық 47% мөлшерінде сыйақымен, 243 056  теңге несие берілген.

Банк өз тарапынан жауапкер алдында қойған міндеттерін толықтай орындаған, қарыз шартына сәйкес ақшаны берген.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

29/03/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сотта анықталғандай құқық бұзушы Б. компьютерлік  клубының   администраторы болып  қызмет  жасап  жүріп, кәмелетке толмаған  С-ға  заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол берген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 47 649 теңге айыппұл салынды.

Қарыз өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

29/03/2017

Қармақшы аудандық сотында талап арыз бойынша қарыз сомасын және мемлекеттік  баж өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес жауапкер Г. талапкер К-ден  500 000 теңге қарыз ақша алған. Алайда, жауапкер Г. қарыз ақшасын өзі көрсеткен уақытысында қайтармағаны анықталды.

Соттың шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз сомасы және мемлекеттік баж өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды.

Жекеше айыптау ісі тоқтатылды

29/03/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Е-ге қатысты жекеше айыптау ісі қаралды.

Жекеше айыптаушы Р. шағымында өзінің үйіне бұрынғы күйеу баласы Е.  анасымен бірге баса көктеп кіріп келіп, қоқан-лоққы жасап, неше түрлі ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, сыйламаушылық білдіргенін көрсеткен.

Істі сот отырысында қарау барысында жекеше айыптаушы Р. жекеше айыпталушы Е-ге кешірім беретінін, яғни өзара татуласуына байланысты айыптауынан бас тартатындығын және  істі тоқтатуды сұрайтынын көрсеткен.

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

29/03/2017

Қармақшы аудандық  сотында 2017 жылдың 31 наурыз күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» азаматтар қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 8(72437)2-29-95 номіріне хабарласуына болады.